Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионын нокаутқа жіберді

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионын нокаутқа жіберді
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 KО) франциялық Хассан Н’Дам Н’Жикамды (38-5, 21 KO) нокаутпен жеңді.
10 раундқа созылған жекпе-жек сегізіншісінде техникалық нокаутпен аяқталды. Үшінші раундта Хассан Н’Дам Н’Жикам нокдаунға түсті.