Septet ансамбінің концерті

Septet ансамбінің концерті
фото: Ғалымжан Нарымбетовтің жеке мұрағатынан

       Астанада 23-24 қыркүйекте Күләш Байсейітова атындағы КАМЕРАЛЫҚ залда баянист, әлем кубогының иегері Ғалымжан Нарымбетовтің   Septet ансамбімен концерті өтеді.

       Ғалымжан Нарымбетов Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген өнерпаз Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебін бітірген, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның түлегі, ал қазір ұстаздық қызметте, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, Италия, Ресей Федерация, Францияда өткен музыка байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, әлем кубогінің иегері.  

       Концертте И.С. Бах, А.Пьяцолла, Р.Гальяно, сынды әлем классиктерінің шығармалы мен А.Жайымның  халық күйлері орындалады.