Шахматшы Бибісара Асаубаева төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

Шахматшы Бибісара Асаубаева төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

       Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді. Бұл – нағыз сенсация!

Шахматшы Бибісара Асаубаева төрт дүркін әлем чемпионын жеңді

 

       Бибісара Асаубаева әлем және Қазақстан әйелдер құрамасы арасындағы жарыста шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньнан басым түсті. Жеңіс туралы Instagram-дағы alga.peterburg парақшасында видео жарияланды. 

       «Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы қытайлық Хоу Ифаньді жеңді. Бұл – нағыз сенсация! Бибісара 2021 жылы блицтен шахмат тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Былтыр блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды», – делінген ресми хабарламада.

       Aikyn.kz