Қытайдан жеткен сәлемдеме

Қытайдан жеткен сәлемдеме

       Намаздыгер мен ақшамның ортасында күн күркіреп көктемнің кіндігін кескен. Қыс қамытынан мойны жіңішкеріп шыққан ауыл сіркіреп өткен ақ жауынға жауырын тосып «И-и, жарықтық-ай!..» десіп, келер күнге үмітін жалғап, мәре-сәре боп қалды. Өрістен шала құрсақ боп қайтқан малдың өзі қиы көңірсіп жатқан қораға өңмеңдемей жайылып, жалпақ басып, тіпті асығар емес. Бұл кезде Базаркүл қара сиырын күрпілдетіп сауып, Өмірбай қолына таяқ алып, жас бұзауды жасқап тұрған.

       Автор: Р. Отарбаев

Сахналық нұсқасын жасаған: М. Жақсылық

Режиссёр: А. Қабдешова 

Премьера күні: 24.02.2022ж.

Жанр: драма

Ұзақтығы: 

Жас санаты: