Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағы үшін жеңіліп көрмеген мексикалықпен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы әлем чемпионы атағы үшін жеңіліп көрмеген мексикалықпен жұдырықтасады

       25 наурызда Алматыда МТК Қазақстан промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен бокс кеші өтеді, онда қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (9-0, 6 КО) күш сынасады.

       Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Ұйымдастырушылардың баспасөз қызметінен хабарланғандай, Сейітжановтың қарсыласы жеңілмеген мексикалық Хосе Макиас Энрикес (15-0, 7 КО) болады. Олар жартылай орта салмақта жасөспірімдер арасындағы WBO чемпиондық титулына таласады.

       Еске салайық, шоудың басты жекпе-жегі Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) пен оңтүстікафрикалық Джонни Мюллер (23-2, 14 КО) арасындағы кездесу болмақ. Қарсыластар қазақстандыққа тиесілі бірінші ауыр салмақта WBA Gold белдігі үшін жұдырықтасады.

Ақпарат дереккөзі