Қазақстандағы күнкөріс деңгейі 34 мың теңгеден сәл асады. Оның тек 18 886 теңгесі бүкіл ай бойына азық-түлік сатып алуға арналған. Енді осы ақшаға не сатып алуға болады?
Ең төменгі күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 55 пайыздық мөлшерінде белгіленген....
«Өмір сүру қымбат» дейді Қазақстан халқы. Ал шенеуніктер жоқ деп сендіреді. Әйтпесе, азық-түліктің қолданыстағы бағасымен Қазақстанның бір азаматы үшін ең төменгі күнкөріс мөлшерін айына 34 мың 302 теңге етіп белгілеу қалай мүмкін? Ендеше тұтыну себетінің тізімі бойынша өнімді 18 866 теңгеге сатып алуға тырысып көрейікші. 18 бөлке нанды 80 теңгеден (1440 теңге), бірінші сортты бидай ұнын бір айға 480 теңгеден, бір қорап макарон өнімдерін 160 теңгеден сатып алдық делік. «Көкөністер. Картоп - бір адамға 8 кг ең төменгі бағамен 2320 теңгені құрайды. Тағы 256 - пиязға, 864 теңге - сәбізге. Жалпы көкөністерге 3440 теңге жұмсалды». Қызыл ет айына өмірді қамтамасыз ету үшін бір адамға 2,8 кг қажет. Бір келісі 2170 теңгенің құны 6070 теңгені құрайды. 680 теңге құс етінің жарты килосына кетеді»
Осы өнімнің барлығының құны 23 919 теңгені құрады. 18 866 теңгені ұстау үшін мен екі килограмм картоптан, еттен бас тартуға тура келеді. Жеміс-жидекті әңгіме етудің өзі артық. Осыдан шығатын қорытынды Қазақстанда өмір сүру өте «қымбат».
Г.Шалабайқызы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через