Биылғы жылдың қуаншылығы елімізде мал басының шығынына әкеліп соқты. Бұрындары да жетісіп тұрғанымыз аздай, биыл тіпті үдей түсті. Тым қымбаттаудың негізгі себебі малдың жем-шөбінің жылдағыдан аздығы мен мал шығының белең алуы. Жақында Ұлттыұ қоғамдық сенім кеңесінің жұмыс отырысында күн тәртібіне қойды.Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Төлеутай Рақымбековтің айтуынша, мемлекетіміздегі 220 мың шаруа қожалығының тек 2-3% ғана мемлекеттің қолдауын сезініп отыр. Қалғандарының қолы қысқа. Мұны Президент түсінеді, сондықтан кешегі Жолдауында ауыл мен ауыл шаруашылығы саласының проблемаларын жеке-дара атап өтті. Ал осы кеңестің тағы бір мүшесі Гүлмира Илеуованың ойынша, Қазақстан билігі біздегі кедейліктің деңгейін нақтылап, онымен жүйелі күресті бастауы керек. Гүлмира Илеуова, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығының президенті, ҰҚСК мүшесі: - Өзбекстан өткен жылы Экономикалық даму және кедейлікпен күрес министрлігін құрды. Қытай да өз халқының кедейлігімен күресіп, оған ақша бөледі. Біздегі халықтың шамамен 4-5% тамаққа ақшаның жетпейтінін айтады. Ал 2021 жылы халықтың 13% тамақтануға ақшасы жоқ екенін және 26% отбасының экономикалық жағдайы нашар және өте нашар екенін айтқан. Қазақтар өз кедейлігін мойындағысы келмейді, бірақ бұл көрсеткіштер ойдан құрастырылған жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через