Отандық фотоөнер мамандары елімізде алғаш рет «Деректі фото» курсынан білімдерін жетілдіреді

Отандық фотоөнер мамандары елімізде алғаш рет  «Деректі фото» курсынан білімдерін жетілдіреді

       Қазақстанда алғаш рет республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық униерситеті, Журналистика факультеті мен National Geographic Qazaqstan журналының қолдауымен танымал фотоөнер майталманы, әлемдік 10 үздік фотографтың бірі Серік Мұқышұлының «Деректі фото» курсы басталғалы отыр. Курс төрт кезеңді қамтиды, бұл жылдың төрт мезгілі. Сондықтан деректі фото курсы бір жыл жүргізілді.

Еліміздің  БАҚ саласындағы кәсіби фотожурналистері бастамасымен 2010 жылы құрылған «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігі биыл 13 жасқа, яғни алғашқы мүшел жасқа толып отыр. Бірлестіктің жалпы жиналысының шешімімен биыл, Қазақстандағы алғашқы «Деректі фото» курсы жобасы қолға алынды. Мақсаты – әлемдік деңгейдегі «Деректі фото» маманын даярлау.

Курс жетекшісі Серік Мұқышұлы жобаның концепциясы, оқыту жоспарын іріктелген қатысушыларға ұсынды. Алда олармен қызықты, әрі танымдық, пайдасы зор фотографиялық қоғамның бәсекелестігі артпақ. Айта кетерлігі, курста Қазақстанның ірі мегополистерінен, әр аймақтарымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары мен студенттері де курсқа қатысушылар тізімінде бар. Курсқа  фотография саласындағы 20 адам қатысуға жолдама алды.  Сондықтан, шараның теориялық бөлімдері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінде факультет деканы Нұржан Қуантайұлы қолдауымен қарашаңырақтың дәрісханаларында жүргізіледі.

Курстың ашылуы ақпанның 24-ші жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультетінің 230 аудиторияда сағат 10.00-де басталады. Алғашқы күн қатысушылардың фототапсырмаларын тексеру, талдау және бағалау, портрет түсіре білу, деректі фотоның негізігі талабы, деректі фотоның рөлі,                    деректі фото жөніндегі өлшемді мысалдар, фотосуретті редакциялау, «Деректі фотограф болуға не керек?», «Фоторепортаж бен деректі фотоның айырмашылығы бар ма?» және Қытайдағы фотографияның даму беталысы  тақырыптарын қамитын болады. Ендеше, фотоөнердің шоқтығы биік деректі фото жанрында ізденемін деген қатысушылардың жұмысын жылдың күзгі маусымында бағалайтын боламыз.  Бірлестіктің осы және өзге де жобалары жайлы ақпаратты куртсың ашылуы күнгі шарадан біле аласыздар.

 

Бізбен байланыс үшін:

Асылхан Әбдірайымұлы,

«Фотоөнер» ҚБ төрағасы.

Тел:. +7 777 216 27 81.

Эл. п.: fotooner@mail.ru.

Қосымша мәліметтер үшін: www. photooner.kz