Жаңа жылдан бастап Алматы қаласының барлық аудандарында нан қалдықтарын салатын арнайы контейнер қойылады. Әзірге пилоттық жоба Әуезов ауданында жұмыс істеп тұр. Қазір көп қабатты үйдің тұрғындары нан қалдықтарын бөлек жиып жүр. Жобаны қалалық кәсіпкерлер өз күшімен жүзеге асыруда. Обал-сауапты түсінетін тұрғындар бұған айрықша разы. Ағайынды Талғат пен Бағдат Сәрсеевтер қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеген. Сондықтан тамақ өнімдеріне бей-жай қарай алмайды. Қоқыста кесек-кесек боп жатқан нанды көрген сайын жандары ауыратын. Ақыры сол нан қалдықтарын өңдеп, мал мен құсқа азық қылуды ойластырыпты.
Үш күнде 100 бөшкеге 600-700 килограмм нан өнімдері жиналады. Жиналған қалдық мына шағын цехта әуелі кептіріледі, сосын ұнтақталады. Одан кейін барып 80 градус цельсийда түйіршік боп біріктіріледі.
Бұл құрама жемді мал бордақылайтындар алады. Сондықан оған сүйек-саяқ қосылмайды. «Халал» стандартқа сәйкес, малға берілетін тамақта ет болмауы керек», - дейді кәсіпкерлер.
Ағайынды кәсіпкерлер құрама жемді көгермеген наннан ғана жасайды. Ал келесі жылы көгерген нанды да кәдеге жаратып, тыңайтқышқа айналдыруды көздеп отыр. 2022 жылдың соңына дейін Алматының барлық аудандарына нан қалдығын салатын 1500 бөшке қоямыз деген жоспары да бар
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через