Головкин-Мурата жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде көрсетіледі

Головкин-Мурата жекпе-жегі әлемнің 200-ден астам елінде көрсетіледі

       9 сәуірде Жапонияда өтетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жек әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі.

      Айта кетейік, жекпе-жек Жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Кездесуде IBF, WBA Super және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі сарапқа салынады.

      Отандасымыздың бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстанды қоспағанда).

      Сондай-ақ DAZN трансляциясы Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия, Гонконг, Макао, Моңғолия және Филиппин елдерінде көрсетілмейді.

      Ал Қазақстанда Головкин-Мурата жекпе-жегін нақты қай телеарна көрсететіні белгісіз.

      Дегенмен Qazaqstan телеарнасының 9 сәуірге арналған бағдарламалар кестесінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-ден 23:00-ге дейін бокс көрсетілетіні жазылған. Бұл уақыт отандасымыздың шаршы алаңға шығатын уақытымен сай келеді.

     Еске сала кетсек, бұған дейін Геннадий Головкиннің осы кездесу үшін шамамен қанша гонорар алатыны белгілі болған еді.

     Алдын ала болжам бойынша отандасымыз бұл жекпе-жек үшін 12,3 млн доллар, ал Риота Мурата 4,1 млн доллар гонорар алуы мүмкін

     Sports.kz.