«Еңлік-Кебек» трагедиясы

«Еңлік-Кебек» трагедиясы

       Мұхтар Әуезов атындағы  Қазақ ұлттық драма театрында  2023 жылдың 14 және 19 сәуір күндері көрнекті жазушы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясының премьерасы өтеді. Режиссері – Әлімбек Оразбеков.

       Қазақ кәсіби театрының шымылдығын алғаш ашқан бұл туынды театрымызда бірнеше рет қойылған. Жаңа қойылым оқиғаларының негізгі желісі де Еңлік пен Кебектің махаббаты аясында өрбиді. Бұл от сезім екі жастың бақытына емес, қасіретке бастайды. Өйткені ұлттық құндылықтарға, халық бүгіні мен болашағы үшін күре жол – Дала заңына кереғар.  Сонда  жалқы мен жалпының үйлесімі қайтсе табылады?..

       Өтетін орны: М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Үлкен залы

       Өтетін күні: 14,19 сәуір

       Басталуы: 18.30 - да