Депутаттар доп тебе алмайтын футболшыларды сынады

Депутаттар доп тебе алмайтын футболшыларды сынады

              Футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы Франциядан 8:0 есебімен тақыр-таза ұтылғаны Мәжіліс депутаттарының ашуын туғызды. Халық қалаулылары Үкіметке кәсіби клубтарды «облыстық әкімдік бюджетінен» қаржыландыруды тоқтатуды талап етті. «Мемлекеттің мойнына мініп, жыл сайын милиардтарды желге шашатын футбол клубтарын коммерциялық бағытқа жіберетін уақыт жетті», — дейді олар. Белгілі болғандай, соңғы үш жылда облыстық әкімдіктер кәсіби клубтарға 111 млрд теңгеден астам қаржы жұмсаған. Оның қыруар бөлігі шетелдік легионерлерге төленіпті.