«Алтын сапа» байқауы және Еуропалық тәжірибе

«Алтын сапа» байқауы және Еуропалық тәжірибе

       Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы «Алтын сапа» байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімінде «Алтын сапа» президенттік сыйлығын еуропалық стандарттардың талаптарына сәйкес беруді тапсырды. Бұл нені білдіреді? Болашақ шараға қатысушыларға қандай талаптар қойылады? Осы сауал төңірегінде  Standard.kz порталының журналисі Қазақстандық сапа және инновациялық менеджмент ұйымының президенті Азат Әбдірақмановпен сұхбаттасқан болатын. 

       - Азат Әбдірақманұлы, мемлекет басшысының берілген тапсырмасын  түсіндіріп берсеңіз..

       - Сапа саласындағы ұлттық сыйлықтар іс жүзінде әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде белгіленген. Бұл марапаттар жыл сайынғы байқаулардың жеңімпаздарына ұсынылатын өнімдердің немесе қызметтердің сапасын қамтамасыз етудегі үздіктер үшін беріледі.Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы  № 194 Жарлығына сәйкес ұйымның өнім сапасы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын конкурстық негізде  және қызмет көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізу үшін беріледі.Жыл сайынғы байқаудың жеңімпаздарына Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын табыстау рәсімі жылдың басты оқиғасы болып табылады, өйткені сыйлықты Мемлекет басшысы жеке өзі табыс етеді, бұл осы байқаудың Қазақстан үшін үлкен маңыздылығын көрсетеді.Бір маңызды мәселе, «Алтын сапа» сыйлығының Тұжырымдамасы әу бастан Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) моделі қағидаттарына негізделген. Осыған байланысты, сондай-ақ еліміздің халықаралық интеграциясын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық байқауды өткізу шарттарын еуропалық талаптармен  сәйкестендіру  қажеттігі туралы ұсынымы өте өзекті болып көрінеді.

       - Қазақстанда конкурсты өткізу және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қандай нормативтік құжаттармен жүргізіледі?

       - Қазақстан Республикасының  «Алтын сапа» сыйлығына конкурс өткізу және лауреат атақтарын беру қағидаларының негізгі ережелері Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығымен бекітілді. Байқауды ұйымдастырушы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл басында байқау шарттарын жариялайды, одан кейін қатысушыларға конкурстың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша арнайы семинарлар өткізіледі.Алдағы уақытта конкурсқа қатысушылардың өтініш құжаттары өңірлік комиссияларда қаралады.Республикалық байқаудың финалына шыққан үздік кәсіпорындардың материалдарын «Атамекен» палатасының арнайы сараптама комиссиясы қарастырады, оның мүшелері аталған ұйымдардың жетістіктерімен өндіріс орындарында танысу үшін сапарға шығады.Маңызды көрсеткіштердің бірі ұйымның кемінде үш жыл кезеңіндегі жетістіктерінің тұрақтылығы болып табылады.

       - Байқаудың қандай номинациялары бар?

       - Ұйымдар конкурсқа келесі номинациялар бойынша қатысады:

1) «Үздік өнеркәсіптік кәсіпорын»;

2) «Халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын»;

3) «Үздік қызмет көрсетушікәсірорын»;

4) «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін үздік кәсіпорын».

Келесі номинациялар бойынша әр номинацияға үш сыйлық беріледі:

1) шағын кәсіпкерлік субъектісі;

2) орта кәсiпкерлiк субъектiсi;

3) ірі кәсіпкерлік субъектісі.

       - «Алтын сапа» байқауының шарттары мен Еуропалық сапа менеджменті қорының (EFQM) үлгісінің ұқсастығы қандай?

       - Жоғарыда атап өткенімдей, «Алтын сапа» сыйлығы Еуропалық үздіктер сыйлығын өткізу тәртібі республикалық байқауды өткізу тәжірибесінен өзгеше болғанымен, EFQM моделінің құрылымы бойынша жасалынған.Өтінім құжаттарын рәсімдеуге қойылатын талаптар мен 2020 жылға дейін конкурстарға қатысатын ұйымдардың жетістіктерін бағалау әдістемесі іс жүзінде бірдей болды.Екі модельдің тұжырымдамалары ұйымның әлеуетін, сондай-ақ бұл ұйымдардың жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін өздерінің қолда бар ресурстарын: адамдық, қаржылық, ақпараттық және басқаларды қалай пайдаланғаны ескерілді.Бұл үлгілерде кәсіпорындар мен ұйымдардың тиімділігін бағалау іс жүзінде бірдей критерийлер бойынша жүргізілді.Дегенмен, 2020 жылы EFQM Үздік үлгісін құруға, Үлгі мен Тұжырымдаманың құрылымын өзгертуге, оны тұрақты дамуға қол жеткізуге бағыттауға және болашақ жаһандық өзгерістерге назар аударуға мүлдем басқа көзқарасты мақұлдады.Осыған орай, жаңа EFQM моделін ескере отырып, «Алтын сапа» бәсекелестік моделінің құрылымына, сондай-ақ талаптардың мазмұнына өзгерістер енгізу ең үздік қазақстандық компаниялардың еуропалық жарысқа қатысуына дайын болуына мүмкіндік беретін орынды процесс болмақ.

       - Қазақстандық сыйлық пен EFQM талаптарының айтарлықтай айырмашылығы неде?

       - Ең алдымен, Еуропалық үздік моделінің тұжырымдамасы ұйымдардың ұзақ уақыт ішінде өнім сапасы саласында ерекше нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігін қарастыратынын атап өткен жөн.«Кемелдікте шек жоқ» дегендей, «Алтын сапа» байқауы жыл сайын өткізілсе, жеңімпаздар сол жылы марапатталады және байқаудың келешекте жалғасы болмай жүр.Қазақстандық бәсекелестік пен еуропалық үздік үлгісінің маңызды айырмашылығы осында,еуропалық байқаудың барлық қатысушылары, тіпті жеңімпаз атанбаса да, жоғары сапалы өнімдерге, ұсынылатын қызметтерге, көшбасшылыққа және тұрақты дамуға қол жеткізуде өз компаниялары үшін өте маңызды тәжірибе жинақтайды.Бұл байқау жеңімпаздардың жетістіктерін кеңінен көрсетумен ашық түрде өткізіледі, сайып келгенде, жеңімпаздардың жетістіктерін «Ашық есік» күндерінде танысуға болады, оған барлық қызығушылық танытқандар тіпті бәсекелестер де қатыса алады. Демек, бұл немесе басқа компанияның байқауда неліктен жеңіске жеткеніне ешкімнің күмәні болмайды деген сөз.Олардың барлық қаржылық нәтижелері ашық баспасөзде жарияланады. Қазақстандық ұйымдар бүкіл байқау барысында мамандардың, баспасөздің және қоғамның кең ауқымы үшін жабық күйінде қалады.Біз бұл жақсы компаниялар деп болжауға болады, бірақ олар ашық қарым-қатынасқа, тәжірибе мен ақпарат алмасуға үйренбеген.Осылайша, біз Қазақстанда «Алтын сапа» байқауынан алатын барлық мүмкіндіктерін, келешекке беретін пайдасын ала алмай жүрміз. Бұл байқау нәтижелері жеңімпаздарына да, қарапайым қатысушылар мен бизнес қауымдастығына да қатысты.Жеңімпаз компания қолданатын «ноу-хау» туралы ешкім білгісі келмесе де, бәрі «коммерциялық құпия» деп аталатын нәрсенің артына жасырынып жатыр, ал барлық бизнес өкілдерін сол немесе басқа жеңімпаз компанияның табысының жалпы формулалары ғана қызықтырады.

       - Келесі жылы өтетін «Алтын сапа» байқауының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына қандай ұсыныс айтар едіңіз?

       - Байқауды ұйымдастырушыларына Еуропалық сапа менеджменті қорының моделіне (EFQM 2020) енгізілген өзгерістерге сәйкес «Алтын сапа» байқауының Тұжырымдамасына, құрылымына және критерийлеріне өзгерістер енгізу жұмысын жылдамырақ орындауын тілеймін. Біздің ұйым EFQM ресми Ұлттық серіктесі бола отырып, бұл мәселеде барлық әдістемелік көмек көрсетуге дайын.Біз бизнес өкілдеріне ресми лицензияланған EFQМ тренингтерін өткізуді ұсына аламыз. Осы аталған оқу EFQM-нің  жаңа Модель талаптарын нақтылау үшін ғана емес, сонымен қатар сапаны басқарудың заманауи тұжырымдамаларын әзірлеуге және енгізуге, өндіріс тиімділігін бағалау құралдарын қолдануға, тұрақты дамуға және көшбасшылыққа қол жеткізгісі келетін кәсіпорындар мен ұйымдарға консалтингтік қызметтерді көрсетуге арналған.Менің ойымша, бұл ұсыныстар еуропалық оқытуда және EFQM сертификаттарын ұсына отырып, өз жерінде қолжетімді бағамен мамандарды дайындау қазақстандық компаниялар үшін өте қызықты болуға тиісті.Біз сондай-ақ әртүрлі бағыттағы мамандармен кең ауқымды тақырыптар бойынша ынтымақтасуға дайынбыз, яғни  бенчмаркинг жүйесін енгізу, инновациялық менеджмент, сапа және экологиялық менеджмент, өнеркәсіптік қауіпсіздік, энергия үнемдеу менеджменті саласындағы персоналды тәуелсіз сертификаттау т.т.Біздің жобалар туралы толығырақ ақпаратты standard.kz порталында білуге ​​болады.Ұйымдарды да, жекелеген мамандарды да ынтымақтастыққа шақырамын.

       Барша қазақстандықтарды келе жатқан жаңа 2022 жылмен құттықтаймын! Биылғы жыл еліміз індеттің салдарын еңсеріп,   экономикамыз қарқынды дами берсін!