Белгілі қазақстандық ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов Алматының атауына қатысты пікір білдірді. Жазушы қаланың тарихи атауы қолайлы деген пікірін алға тартты. Бұл туралы ол «Вечерний Алматы» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.
1992 жылдан бастап қоғам қайраткері елдегі көше, ауыл және кейбір қалалардың атауы жүйелі түрде өзгеріп жатқанын айтты.
"Жаңа атауларды ойлап табумен ғалымдар емес, жұмысбасты әкімдіктердің қарапайым қызметкерлері айналысты. Компартия қайраткерлерінің есімдерінен және кеңес заманының саяси терминдерінен арылу керек болды. Оларды этникалық тарих атауларымен алмастыру, ал ғылыми білім тұрғысынан XVIII ғасырдан – жоңғар шапқыншылығы дәуірінен алыс кете алмадық. Осы білім біздің қалалардың географиясында көрініс тапты", – деп атап өтті ол.
Жазушының айтуынша, алдымен белгілі батырлардың есімдері жазылған даңғылдар мен көшелер пайда болған, ол тізім біткен кезде XIX-XX ғасырлардағы қайраткерлердің, жазушылар мен ақындардың есімдері пайдаланыла бастаған.
"Біздің көптеген замандастардың есімдері көше атауларына еніп, қисынсыз жағдай орнатты. Менің ойымша, миллиардтаған адамды аман алып қалған Луи Пастердің атына берілген көшеден бас тарту бекер болды. Космонавттар көшесінен де бас тартудың қажеті жоқ еді. Оны бекіткен әкім алғаш рет ғарышқа адам қазақ жерінен, Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқаны, бізде өз ғарышкерлеріміздің пайда болатынына әсер ететінін ойламаған сияқты. Ал Интернациональная көшесіне келсек, біз бұл термин мен ұғымнан бас тартпаймыз ғой. Себебі біз ТМД-дағы ең интернационалдық республикамыз”, – деді ол.
Олжас Сүлейменов оңтүстік астанадағы көшелер мен алаңдардың атаулары бұрынғы атауларына ғана ауысуымен қоса, қаланың Алма-Ата атауын қайтару керектігін баса айтты.
“Бұл атау мағынасы мен дыбысталуы жағынан қалаға көбірек келеді”, – дейді ол.
Оның пікірінше, қаланың бұрынғы атауы қонақжайлылық пен дамып келе жатқан туризмнің символы болған.
"ХХ ғасырда Орталық Азияда ашық, қуанышты дауыспен айтылатын атаулардан үш астана болды: Самарқанд, Ашхабад және Алма-Ата. Қонақжайлылық пен туризмнің нышандары еді. Содан кейін олардың ең дыбысталуы ашық қала атауларының бірі екі ашық дауысты дыбыстан айырылды. Жабық дауысты дыбысты қазір әлем тілдерінде айту қиын. Шынайы атауымызды қайтарайық”, – деді Олжас Сүлейменов.
Ақпарат Stan.kz сайтынан алынды
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через