Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды
фото: https://egemen.kz/

       Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде «Жеңіс тарихы: әр сурет бір тағдыр» көрмесі ашылды.

       Көрме майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін ұлт жадында сақтау, құрмет көрсету мақсатында музей қорындағы екінші дүниежүзілік соғыстың тарихын бейнелейтін жәдігерлер негізінде ұйымдастырылған. Музей қызметкерлерінің айтуынша, көрмеде қойылған әрбір фотосурет Жеңіске үлес қосқан адамдардың жеке тағдырын ашады.

       Музей қабырғасында майдангерлердің фотоқұжаттары, марапаттары қойылған. Атап айтқанда, атқыш-ұшқыш, кіші сержант Бақтыораз Бейсекбаевтың марапаттары, Брест қамалының қабырғасынан алынған кірпіш фрагменті, Т.Бигелдинов, С.Д.Луганский, М.Ғабдуллин, С.Нұрмағамбетов, А.Хусаинов, Т.Қаумбаев және басқа да тұлғалардың жеке мұрағаттарынан алынған фотоқұжаттар бар.

       Іс-шара аясында соғыс кезінде талай адамның өмірін аман алып қалған дәрігерлерге арналған «Ардагерлер шеруі» бұрышы ашылды. Онда Е.Садуақасова, Р.Ысқақова, М.Смирнова-Кухарская және өзге де жеңіске үлес қосқан қаһарман дәрігерлердің марапаттары, фотосуреттері мен құжаттары көпшілік назарына ұсынылды

       Көрме аясында майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің заттарын музей қорына қабылдауға арналған «Музейге сый» шарасы өткізілді.

       https://kaz.inform.kz/