Алматыда Central Asia Fashion Spring-2025 Халықаралық сән көрмесі өтеді

Алматыда Central Asia Fashion Spring-2025 Халықаралық сән көрмесі өтеді
фото: CAF баспасөз қызметі

Орталық Азияның сән әлеміндегі басты оқиға fashion-индустрия кәсіпқойларын күтуде: 10-12 наурызда Алматы қаласында Central Asia Fashion Spring-2025 Халықаралық сән көрмесінің 35-ші маусымы өтеді, деп хабарлайды жобаның ақпарттық серіктесі "Сапалы Қазақстан" порталы.

Көрмеге 17 елден 200-ден астам компания қатысады

 Флагмандық expo шарасы Көктем-Жаз 2025 маусымының киім, аяқ киім және аксессуарлардың жаңа топтамаларын ұсынатын 17 елден келген 220 астам компанияларды «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығында жинамақ. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменістан, Тәжікстан мен Ресейден келген 7000 астам байерлер алдағы маусымның трендтерін алғашқылардың бірі болып бағалап, өзара тиімді келісім-шарттар жасасу мүмкіндігіне ие болады.

Фото: CAF баспасөз қызметі ұсынды

Сән маусымының басты оқиғасы 

Бұл шара жыл сайын өзінің ауқымымен және креативті әдіс-тәсілдерімен таң қалдырады: қатысушы-компаниялар, байерлер, дизайнерлер, стилисттер, модельдер және fashion әлемге қатысы бар барлық адамдар бұл көрмеде бизнесті дамыту, шығармашылық пен нетворкинг үшін шектеусіз мүмкіндіктерге ие болады.  Бұл іс - шара аясында қатысушылар мен байерлерге жемісті еңбектену үшін қажетті нысаналы аудиторияны жинауға мүмкіндік береді. 

Central Asia Fashion Spring-2025 «Атакент» ҚІЫО 9, 10 және 11 павильондарында өтеді. 

Көрме алаңының жалпы ауданы 10 000 шаршы метрден астам. Spring-2025 маусымында қатысушылардың саны локациялық мүмкіндіктерден асып түспек, мұны кейбір компаниялардың күту кезегінде тұрғаны дәлелдеп отыр. Әрине, бұл көрменің тек қана Орталық Азияда емес, бүкіл ТМД аумағында fashion ритейл саласының басты оқиғасына айналғанының айқын белгісі.

Фото: CAF баспасөз қызметі ұсынды

CAF Spring-2025 көрмесіне Түркия, Қазақстан, Ресей, Италия, Литва, Қытай, Өзбекстан, Германия, Польша, БАӘ,CAF Spring-2025 Түркия, Қазақстан, Ресей, Италия, Литва, Қытай, Өзбекстан, Германия, Польша, БАӘ, Франция, Моңғолиядан келген компаниялар қатысады. 

Жаңа көктемгі маусымда көрмеге еуропалық сәнді брендтер қайтып оралады: La Fee Maraboutee, Humulity, Leo&Ugo French Brands, Lety, Acquadicocco, Jerbel, Tuffoni, Madzerini, Centergross Italian Brands, Aryton Poland, Van Laack Germany, Caprice Germany, Fianeta Lithuania. Бұлардың барлығы дерлік fashion тауарлардың әртүрлі топтарының жаңа топтамаларын ең тиімді көтерме бағалармен ұсынады. 

 Сонымен қатар, көрмеде ерлер киімі, балалар киімі, іш киім, сәнді аксессуарлар мен аяқ киім түрлері ұсынылады. Арнайы бөлімдердің қатарында: той және кешкі сән, былғары мен тері бұйымдар, спорт пен үйге арналған киім, плюс size киімдер, шомылу киімі, бас киімдер, шұлық бұйымдары және көптеген басқа тауарлар бар. 

Фото: CAF баспасөз қызметі ұсынды

Central Asia Fashion 40 астам сәнді тауар топтары ұсынылған CAF Spring-2025 көрмесі Euro Shoes және Central Asia Fashion серіктестігінің аясында өткізіледі. 

 Central Asia Fashion көрмесі - сән мен бизнес өзара тиімділік мақсатында жүздесетін, ал креативті ойлар жаңа серпіліс алатын кеңістікке айналды. Бұл оқиға Орталық Азияның бүкіл fashionиндустриясының алдағы жарты жылда даму ырғағын анықтайды. 

Жобаны ұйымдастырушы – CATEXPO компаниясы жыл сайын тұрақты түрде белсенділіктердің санын арттырады немесе оларды қатысушылар мен келушілердің пайдасына қарай өзгертеді. Байерлер жаңа брендтерді іздеу, алдын ала тапсырыс беру немесе топтамаларды сатып алудың шектеусіз мүмкіндіктеріне ие болып қана қоймай, іскерлік байланыс ауқымын кеңейтеді, бизнес бағдарламаға қатысады, жемісті нетворкинг, сарапшылардан кеңестемелік көмек алып, сәнді көрсетілімдерге қатысады.

 Қызықты жайт: орташа есеппен, өткен 15 жылда көрменің подиумында брендтер мен дизайнерлердің 1 000 астам сәнді көрсетілімдері өтті. Кәсіби модельдер подиумда 30 шақырымнан астам қашықтықты жүріп өткен.

 

Фото: CAF баспасөз қызметі ұсынды

Жаңа технологияларды енгізу талпынысы көрменің ажырамас бөлігі болып табылады. Көрменің интерактивті картасы келушілерге павильондар арасында адасып кетпей, іс-шараға қатысушылар туралы көбірек ақпарат алуға көмектеседі.  Сонымен қатар, жаңа көктемгі маусымда интерактивті фотоаймақ - CAF Spring-2025 көрмесінің заманауи жарқын элементі ұсынылады. Үш LED экраннан құралған бұл фотоаймақ көрме қонақтары мен келушілерге есте қалатын әдемі фотосуреттер жасауға мүмкіндік береді

Шекарасыз іскерлік кездесулер: тегін кеңестеме және сараптама 

CAF көрмесінің бизнес-бағдарламасы әрдайым өзінің белсенді нетворкингімен ерекшеленеді. Үш павильонда B2B-тілдесу үшін арнайы алаңдар ұйымдастырылады. Осылайша, «Дербес кеңестеме алу орталығы» деп аталатын арнайы жабдықталған кеңістікте үш күн бойы ритейлерлер мен бизнес иелері нон-стоп режимінде бес шақырылған сарапшыдан тегін кеңестеме алатын болады. 

Сонымен қатар, «Кеңестеме орталығында» Азия стилисттерінің қауымдастығы және Концептуалды CAF кеңестемелік орталығында Көктем-Жаз 2025 маусымының трендтері жайлы білуге болады стилизация мектебінің негізін қалаушы, халықаралық тәжірибесі бар имидж-стилист Мади Бекдаирдың стенді орналасады. 

Фото: CAF баспасөз қызметі ұсынды

Бұл жерде «Бір сағаттық стилист» қызметін байқап көріп, КөктемЖаз 2025 маусымының трендтері жайлы, киімнің түсі мен пішімінің сатып алушылардың психологиясына қалай ықпал ететінін, тиімді сатып алу құпиялары және тағы басқа көптеген пайдалы ақпарат алуға болады. 

Сонымен қатар, Spring-2025 көктемгі маусымында бизнес-бағдарлама аясында мамандандырылған пікірталастар мен дөңгелек үстелдер жоспарланған.

Дәстүрлі түрде бизнес-бағдарламаның барлық элементтері көрмеге келушілер үшін тегін өткізіледі. Осылайша, көрме бизнес-қауымдастықтың сапалы өсімі мен дамуына жағдай жасай отырып, оған қолдау көрсетеді. Central Asia Fashion сән көрмесін ұйымдастырушылар кәсіпкерлікті дамытуға, Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия өңірінің экономикасының дамуына үлес қосу - басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.