фото: https://www.google.com/url?sa=t&source=web&rct=j&opi=89978449&url=https://jambyl-philharmonic.kz/k
Алматыдағы өнер ордасы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залында ҚР Мемлекеттік және қоғам қайраткері Жексембек Еркімбековтың 95 жылдығына арналған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, пианист Серік Еркімбековтың «Отаным» атты авторлық кеші өтті.
Жексембек Еркімбеков - 1966-1976 жылдары Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінде өнер басқармасының бастығы, министрдің орынбасары, 1976-1987 жылдары Мәдениет министрі болып қызмет етті. Ол басшылық еткен кездері Алматы қаласында 200-ге жуық мәдениет мекемелері мен ғимараттары бой көтеріп, қала мен еліміздің мәдениетінің дамуы жолында еселі еңбек етті.Кеште филармония құрамындағы екі ірі ұжым, дирижер Қанат Омаровтың жетекшілігімен Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері Бейімбет Демеуовтің жетекшілігімен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы және де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Мұсабаев, Мейір Байнеш, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты – Асқар Мұқият, Париждегі халықаралық байқаудың лауреаты (Гран При) - Нұргүл Нүсіпжан, Халықаралық байқаудың лауреаттары Гүлнұр Саргисова, Ақынер Айлин өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада композитор Серік Еркімбековтың оркестр мен хорға арналған үздік шығармалары «Шәкәрім» симфониясы, «Мәңгілік алау» балетінен пролог және тағы да басқа туындылары орындалды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Серік ЕРКІМБЕКОВ:
«Биылғы жыл өздеріңіз білесіздер, мейрамға толы. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясына 90 жыл, Бақытжан Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласына 90 жыл. Бәрі де мәдениетіміздің үлкен тойлары боп есептеледі. Бүгінгі концерт – өзімнің авторлық кешім. Әкем - мемлекеттік қоғам қайраткері, 10 жылдан астам Мәдениет министрі болған Жексембек Еркімбековтің 95 жылдығына арналып отыр. Концерттік бағдарламаға бір жылдан бері дайындалдық. Кеште Мемлекеттік симфониялық оркестр мен хор және арнайы Астанадан келген солистеріміз өнер көрсетті. Көрермендер қатарынан әкемнің замандастары, белгілі композиторлар мен өнер иелері табылды».
Кеште филармония құрамындағы екі ірі ұжым, дирижер Қанат Омаровтың жетекшілігімен Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі,«Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалеріБейімбет Демеуовтің жетекшілігімен Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы және де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлеріТалғат Мұсабаев, Мейір Байнеш, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты – Асқар Мұқият, Париждегі халықаралық байқаудың лауреаты (Гран При) - Нұргүл Нүсіпжан, Халықаралық байқаудың лауреаттары Гүлнұр Саргисова, Ақынер Айлин өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада композитор Серік Еркімбековтыңоркестр мен хорға арналған үздік шығармалары «Шәкәрім» симфониясы, «Мәңгілік алау» балетінен пролог және тағы да басқа туындылары орындалды.
Театртанушы, өнертану кандидаты Амангелді МҰҚАН:
« Бүгін Жексембек Еркімбековтың 95 жылдық мерейтойы болып жатыр. Соған арнап белгілі композитор, ол кісінің ұлы Серік Еркімбеков өз концертін беруде. Біз жас кезімізде бұл кісіні көрдік, көп қызметте болды. Соның ішінде үлкен қызметі бұл - Қазақстанның мәдениет саласында қызметінде жанашыр болып, мәдени дамуына еңбегін көрдік. Жексембек ағаның қазақ өнеріне ол профессионалды немесе дәстүрлі өнердің дамуына көп жұмыстар істеді. Атап айтсақ, Республика сарайынан бастап, театрлар, барлық саладағы мәдени орындардың салынуына 80-90-шы жылдарда үлкен еңбек сіңірген тұлға деп білемін».
Кешке көрермендер қатарынан Жексембек Еркімбековтің замандастары мен үзеңгілес қызметтестері, ұрпақтары да табылды. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жолында сүбелі еңбек еткен ердің есімі 90 жылдық тарихы бар өнер ордасында тағы да жаңғырды. Филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасы көпшіліктің көңілінен шығып, композитор шығармаларына жаңа дем берді.
Ақжүніс Нұртаза,
Жамбыл атындағы
филармонияның баспасөз хатшысы
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через