фото: pexels.com
Бүгінде елімізде микрокредит ұйымдары көбейген, сәйкесінше, оны алатындар саны да айтарлықтай артқан. Азамат микрокредит алу арқылы өзінің болашағына қауіп төндіруі мүмкін.
Мысалы, жалақыға дейін берілетін пайызы өте жоғары қарыз несие тарихына әсер етеді. Оған қоса, микрокредитті төлей алмай қалсаңыз да, коллекторлар қоқан-лоқы көрсетіп, әбден мазаңызды алады.
Конституция бойынша өз құқығын білмейтін азамат мұндай қорқытып-үркітулерге сеніп, жанталасады. Дегенмен коллекторлық ұйымның мұндай іс-әрекеті заңға қайшы екенін біле жүріңіз. Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, адвокат Альбина Бахтиярқызы massaget.kz тілшісіне берген сұхбатында микрокредиттің негізгі салдары мен коллекторлардың заңға қарама-қарсы іс-әрекеттерін тізді.
Маман қазіргі кезде адамдардың әлеуметтік жағдайының төмендігін, тіпті қарапайым өмір сүруге қажетті керек-жарақты алуға қаражаты жеткіліксіз екенін тілге тиек етті. Ол микрокредит алатын адам саны көбеюін қоғамдағы жұмыссыздық пен айлық жалақының аз болуымен байланыстырды.
"Микрокредитті көп адам алады. Мұның себебі, біріншіден, қаражат, баспана мен жұмыстың болмауы. Жұмысы болса да, жалақы не пәтерге, не азық-түлікке жетпейді. Сондықтан адамдар қатты қажет болған жағдайда осындай қарыз беретін ұйымдарға жүгінеді.
Екіншіден, бәрімізге белгілі қазір микроқаржы ұйымдары онлайн форматта жұмыс істейді, бұл қарапайым халық үшін қолжетімді. Алынуы жылдам, ыңғайлы, берілетін қаражат соманың да көп болмауына байланысты мұндай несие түрі сұранысқа ие", - деді ол.
Фото pixabay.com.
Микрокредит алған адам болашақта ипотекаға баспана ала алмайтыны рас па?
Адвокаттың айтуынша, бұл қате түсінік. Өйткені азаматқа ипотекаға баспана алуға рұқсат берілетін кезде бірнеше сыртқы фактор тексеріледі.
"Микрокредит алған адамға ипотека берілмейді" деген түсінік шындыққа жанаспайды. Егер микрокредит алып, уақытында төлеп, бұдан басқа да несие алып, уақытылы төлесе, яғни тұлғаның несие тарихы бұзылмаса, оның ипотекаға баспана алуға толық мүмкіндігі бар. Ипотекаға баспана алатын кезде тек бір несие тарихы қаралынбайды, оған қоса табыс көзі, зейнетақы төлемдері де қаралады. Сондықтан бұл қате түсінік", - деп түсіндірді маман.
Микрокредит алу несие тарихына да әсер ете ме?
Микрокредит - азаматтық, яғни қаржы ұйымы мен жеке тұлғаның арасындағы қарым-қатынас. Мұндай қарым-қатынасқа түсетін кезде міндетті түрде жазбаша шарт жасалынады. Бүгінде заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл шарттың барлығы мемлекеттік кредиттік бюрода тіркелуге жатады, яғни микрокредит алу несие тарихына белгілі бір әсерін тигізетіні сөзсіз.
"Микрокредит несие тарихына міндетті түрде әсер етеді. Қазір бізде мемлекеттік кредиттік бюро жұмыс істейді, яғни микрокредит шарты жасалған сәттен бастап, ол жөнінде ақпарат бюроға жіберіледі. Бұл дегеніміз тұлғаның несие тарихында оның барлығы тіркеледі деген сөз. Микрокредит алған кез келген адам өзінің несие тарихын шығарып қараса ба болады. Ол құжатта міндетті түрде микрокредит алғаны туралы ақпарат тұрады. Егер де тұлға микрокредитті кешіктіріп төлесе немесе мүлдем төлемесе, бұл оның несие тарихының бұзылуына әкеп соқтырады. Мұның бәрі микроқаржы ұйымы жөніндегі заңда қарастырылған", - деді маман.
Микрокредит және алаяқтар
Сонымен қатар, Альбина Бахтиярқызы микрокредит алаяқтардың құрығына айналғанын ескертті. Алаяқтар шартты басқа адамның атына тіркеп, қаражат жымқыратын көрінеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через