11 жасар қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанды.

11 жасар қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанды.

               Қазақстандық гимнаст, 11 жасар Ислам Қабдолов батуттағы гимнастикадан әлем чемпионы атанды.

               Бакуде батуттағы гимнастикадан жас топтары арасында 28-ші әлем чемпионаты өтуде.

               Қазақстандық гимнаст Ислам Қабдолов (11-12 жас) акробатикалық жолда секіруден алтын медаль иеленді. Финалда Ислам Ресей, Бельгия, Израиль, Португалия және Оңтүстік Африка елдерінің спортшыларын басып озды.

                Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, Ислам Қабдолов 2009 жылы 16 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген.

                Тілепқалиев Альберт Рахметоллаұлы жетекшілік ететін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.

Мәтіндегі ақпарат туралы