Өнер сапары: Алматыдан Көкшетауға

Өнер сапары: Алматыдан Көкшетауға

фото: www.instagram.com

       Қараша айында Қазақстанның еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі Алматы мен Көкшетау қалаларында бірқатар концерттік бағдарлама ұсынады. Көрермендер ұлттық би өнерімен қатар, әлем халықтарының хореографиялық туындыларын және әуезді музыкалық шығармаларды тамашалай алады.

       Алғашқы кездесу 18 қараша күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы филармонияда өтеді. «Күзгі романс» деп аталатын музыкалық кештің бағдарламасына махаббат пен сағыныш тақырыбындағы романстар, танымал әндер мен би қойылымдары енгізілген. Сахна төрінде белгілі әншілер мен халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетеді.

       Ал 24 қарашада сағат 19:00-де Almaty Theatre сахнасында ансамбльдің 71-концерттік маусымы ашылады. «Ұлыларға тағзым» атты бағдарламада қазақ композиторларының шығармаларына қойылған билермен қатар, Азия халықтарының хореографиялық өнері таныстырылады. Кештің ерекшелігі – түрік және қытай билерінің тұсауы кесілмек.

       Концерттік сапар 28 қараша күні Көкшетау қаласында жалғасады. Сағат 17:00-де қалалық Мәдениет сарайында «Би керуені» атты жеке концерт өтеді. Осылайша, «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі қараша айында үш түрлі бағдарламамен екі қала көрерменімен жүздеспек.

Subscribe to our social networks and stay up to date with all the events!

Read also

Subscribe
Comments
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите