«Таза парақ» бастамасы мемлекетке де, кәсіпкерге де бірдей түсінікті болуы керек. Ғалымжан Есқараұлы

«Таза парақ» бастамасы мемлекетке де, кәсіпкерге де бірдей түсінікті болуы керек. Ғалымжан Есқараұлы

фото: pexels.com

Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдегеніндей, "Таза парақ" жобасының басты мақсаты – кәсіпкерлерге түсетін әкімшілік және фискалдық жүктемені азайту, шағын бизнесті қолдау және салықтық реформаларға бейімделуіне жағдай жасау. Шын мәнінде жеңілдетілген салық тәртібінің игілігін жеке кәсіпкерлер көре бастады ма?  

Осы тақырып бойынша сұхбаттасу үшін «Q» University «Бизнес және басқару» академиялық мектебінің жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Керімбек Ғалымжан Есқараұлын сөзге тартқан едік.

Фото: Ғалымжан Керімбектің жеке мұрағатынан. 

- Ел экономикасын және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты салықтық әкімшілендіруді жеңілдету туралы шешім қабылдады. Бұл шешім ең алдымен қандай мақсатты жүзеге асыруды көздейді?

 - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Микро және шағын кәсіпкерлікті ел экономикасының маңызды тірегі ретінде қарастырып, оны дамыту, қолдау және тәртіпке келтіру» бойынша бірнеше мәрте маңызды мәлімдемелер жасаған еді. Үкіметке бизнесті қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлік ортаны жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Микро және шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту ісінде және азаматтардың табысын арттыруда аса маңызды рөл атқарады.

Осыған орай Ұлттық экономика мен Қаржы министрлігі және Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексінің күшіне енгенге дейін Салықтық әкімшілендірудің жаңа тәсілін, микро және шағын бизнес үшін 2026 жылды «Таза парақтан» бастаудың мүмкіндігі туралы бірнеше рет ашық түрде хабарлама жасады.

«2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері бойынша камералдық бақылау жүргізілмейді, заңнамада көзделген жекелеген ерекшеліктерді қоспағанда, салықтық тексерулер тағайындалмайды»,- деп ресми түрде бірнеше мәрте атап өтті.

Бүгінде жаңа Салық кодексі күшіне еніп, қолданысқа енгізілді. Мемлекет басшысы жеңілдетілген салық режимі енгізілгеніне қарамастан, кейбір микро және шағын бизнес субъектілері ақша айналымын жасырып, азайтып көрсететінін сынға алды. Бұл адал бәсекелестікке кедергі келтіреді.

 - Осы шешімнен кейін шағын және орта бизнеске кедергі келтіретін жоспардан тыс тексерулер тыйылды ма?

 - Бүгінгі таңда бизнес саласы «Жаңа тәжірибеге» тап болып отыр. Президент шағын және орта бизнеске негізсіз кедергі келтірмеу үшін оларды жоспардан тыс тексерулерді доғаруды қатаң тапсырса да, кәсіпкерлерге тауарларды сату, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету бойынша нақты айналымның жасалғанын растау туралы жаппай хабарлама келе бастады.

Мәселе бұл бір бөлек хабарлама туралы емес. Бұл жаңа Салық кодексінде көзделген «Электрондық шот-фактураларды жазып беруді салыстырмалы бақылау» тетігі, оны МКК нақты айналым жасамай-ақ ЭШФ жазып беру белгілерін анықтаған кезде қолданады.

Фото: Egov.kz/Қаржы министрлігі

  Сонымен қатар, мұндай хабарламада тек 2026 жылғы операцияларды растау ғана қажет етілмейді. Тексерілетін кезең 2023 жылдан басталып, 2026 жылға дейін жалғасатын хабарлама да бар.

Кәсіпкер 2026 жылы іс жүзінде 2023, 2024 және 2025 жылдарда жасалған барлық шаруашылық қызметті қайта растауы қажет: нақтырақ айтқанда, жасалған келісім шарттарды, орындалған жұмыстардың актілерін, жүкқұжаттарды, төлем құжаттарын, тауарлар бойынша барлық құжатты, қызметкерлерді, техниканы, материалдарды және мәмілелердің шынайылығымен қоса, басқа да дәлелдерін көрсетеді. Сондай-ақ, бұл ақпаратпен тек қана «10 жұмыс күнінде» қамтамасыз ету керек.

 - Аз уақыт ішінде кәсіпкерлер осындай көптеген қажетті құжаттарды түгел тапсыра ала ма? Егер үлгермесе қандай шара қолданылуы мүмкін?

 - Егер кәсіпкер салық органының күмәнімен келіспесе, ол жұмыстың нақты орындалуына, қызмет көрсетуге немесе тауарларды жеткізуге түсініктеме мен дәлелдер ұсынуы керек. Жіберілген хабарлама мерзімінде орындалмаса, заңнамаға сәйкес «Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру» және «Электрондық шот фактураларды жазып беруді шектеу» жөніндегі тәртіптік шараларды қолдану көзделген.

МКК өзі салыстырмалы бақылау ЭШФ-ны салық есептілігімен, банктік және басқа да мемлекеттік деректермен салыстыру арқылы жүргізілетінін ресми түрде түсіндіреді, ал нақты айналымның болмау белгілері анықталған кезде, салық төлеушіге тиісті хабарлама жіберіледі.

 - Сонда министрлер мен комитет Төрағасының «Таза парақ» уәдесі қайда?

 - Сұрағыңызды түсіндім. Кәсіпкер «2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдер өткенде қалады» деген мәлімдемені қалай түсінуі керек, егер оған 2026 жылы он жұмыс күні ішінде «2023 жылдан бастап» операциялардың шындығын растау ұсынылса, -дейсіз ғой?

Әрине, бұл жерде мемлекет заңды түрде жауап бере алады: бұл классикалық камералық бақылау немесе салықтық тексеру емес. Бұл жеке механизм ‒ ЭШФ салыстырмалы бақылауы.

Кәсіпкер бірнеше күн ішінде үш жылдық құжаттарды көтеріп, салық органына жұмыстың шынымен орындалғанын, тауарлардың шынымен жеткізілгенін және қызметтердің шынымен көрсетілгенін дәлелдеуге мәжбүр болып отыр.

 - Егер «Таза парақтан» ұраны ескі кезеңдерді салықтық бақылаудың басқа түрлері арқылы тексеруге болатындығын білдірсе, неге бұл бизнеске тікелей айтылмады?

 - Кәсіпкерлер «Таза парақтан» бастауды, «Әкімшілік жүктемені азайтуды», «Тексерудің аз боларын», «Жаза берудің орнына құқық бұзушылықтың алдын алуға көшуді» естіген еді. Ал, енді  іс жүзінде бүгінде көптеген кәсіпкер өткен жылдарда жасалған операциялар бойынша растайтын құжаттардың үлкен пакеттерін дайындауға мәжбүр болып отыр.

Бүгінгі бизнес саласы мемлекеттен салықтан толық немесе ішінара босатуды және жалған мәмілелерге көз жұмуды сұрамайды. Бірақ, бизнес саласы «Түсінікті ережелерді және жария түрде мәлімделген қағидаларды» орындауды талап етуге құқылы.

«Парасатты мемлекет» микро және шағын бизнеске қарым-қатынасты «Таза парақтан» бастауға уәде берсе, онда бұл аталған қағида мемлекетке де, барлық кәсіпкерге де бірдей түсінікті болуы керек еді.

Мемлекеттің «Ескі бақылау жүйесі жаңа атау алуы үшін ғана қажет емес» болар.

 - Жоғарыда аталған мән жайлардың негізінде Ұлттық экономика мен Қаржы министрлігіне және МКК-ға сұрақ ашық күйінде қалып отыр: іс жүзінде бизнеске уәде етілген «Таза парақ» қағидасы нені білдіреді?

 Мемлекет басшысына, Министрлер мен комитет Төрағасына демократиялы  қоғамның белсенді азаматы және Президенттің саясатын қолдап, үнемін баспасөз ақпарат құралдарында жиі сұқбат беретін, мақала жазатын экономист сарапшы ретінде, кәсіпкердің жан-айқайы мен мұң-мұқтажын жеткізу мақсатында жазылған сараптамалық ақпаратты ұсынып отырмын. Себебі менің айналамда микро және шағын кәсіпкерлікпен айналысып, мемлекеттің алдындағы салықтық міндеттемесін адал орындап, көптеген азаматтың табыс табуына, отбасылық жан бағуына көмек беріп жүрген қаншама ағайын-туыс пен дос-жарандар бар.

Кәсіпкерлерге тауарларды сату, жұмыстарды орындау және қызмет көрсету бойынша нақты айналымның жасалғанын растау туралы жаппай хабарламаны жіберудің салдарынан, елімізде кәсіпкерлік қызметтің құлдырауына, көптеген кәсіпкерлік субъектілердің қызметін тоқтатуға, бірнеше жұмыс орны босап, жұмыссыздықтың көбеюіне, мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдердің азаюына алып келеді.

Еңбекқор кәсіпкерлердің уақыты өтіп кеткен кезеңнің құжаттарын түгелдеуге емес, тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, жаңашылдықпен айналысып, жаңа өнім түрлерін шығаруға, сапалы қызмет көрсетуге, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдана отырып, кәсіпкерлікті қарқынды дамытуға және өнімділікті арттыруға зор мүмкіндік беруге арналуы тиіс. Сонда ғана еліміздің экономикасы өркендеп, дамыған елдің қатарынан орын алары ақиқат.

 - Әңгімеңізге рахмет.

Subscribe to our social networks and stay up to date with all the events!

Read also

Subscribe
Comments (138)
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:11 16.10.2026
    Кәсіпкерге сенім білдіру — экономиканың болашағына сенім білдіру. Шағын бизнестің дамуына кедергі келтірмей, оны қолдайтын нақты әрі әділ шешімдер қабылданса екен.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:11 16.10.2026
    Кәсіпкерге сенім білдіру — экономиканың болашағына сенім білдіру. Шағын бизнестің дамуына кедергі келтірмей, оны қолдайтын нақты әрі әділ шешімдер қабылданса екен.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:11 16.10.2026
    Өте маңызды мәселе көтерілген. Кәсіпкерлердің пікірін тыңдап, «Таза парақ» қағидасының іс жүзінде қалай орындалып жатқанын ашық түсіндіретін уақыт келді деп ойлаймын.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:11 16.10.2026
    Өте маңызды мәселе көтерілген. Кәсіпкерлердің пікірін тыңдап, «Таза парақ» қағидасының іс жүзінде қалай орындалып жатқанын ашық түсіндіретін уақыт келді деп ойлаймын.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:11 16.10.2026
    Мемлекеттің мақсаты кәсіпкерді жазалау емес, заңды сақтай отырып, оның дамуына жағдай жасау болуы керек. Бақылау мен қолдаудың арасында нақты тепе-теңдік қажет.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:11 16.10.2026
    Мемлекеттің мақсаты кәсіпкерді жазалау емес, заңды сақтай отырып, оның дамуына жағдай жасау болуы керек. Бақылау мен қолдаудың арасында нақты тепе-теңдік қажет.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:11 16.10.2026
    Егер шағын бизнеске түсетін жүктеме көбейсе, оның салдары тек кәсіпкерлерге ғана емес, жұмысшыларға, отбасыларға және жалпы экономикаға әсер етеді. Бұл мәселені жан-жақты қарастыру қажет.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:11 16.10.2026
    Кәсіпкерлікті дамыту үшін сенім керек. Ережелер түсінікті әрі алдын ала белгілі болса, кәсіпкер де болашағын жоспарлап, бизнесін сенімді түрде дамыта алады.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:11 16.10.2026
    Кәсіпкерлікті дамыту үшін сенім керек. Ережелер түсінікті әрі алдын ала белгілі болса, кәсіпкер де болашағын жоспарлап, бизнесін сенімді түрде дамыта алады.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:10 16.10.2026
    Адал еңбек етіп, салық төлеп отырған кәсіпкерлер мемлекет тарапынан түсіністік пен тұрақты ережелерді күтуге құқылы. Бұл — жеңілдік сұрау емес, әділ қарым-қатынас талап ету.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:10 16.10.2026
    Өте орынды көтерілген мәселе! Кәсіпкердің әр күні — табыс, жұмыс орны және бюджетке түсетін салық. Сондықтан әкімшілік жүктемені азайту қағаз жүзінде ғана қалмауы керек.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:10 16.10.2026
    Шағын бизнес — ел экономикасының тірегі. Кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетудің орнына, оларға қосымша кедергілер туындаса, бұдан мемлекет те, халық та ұтпайды.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:10 16.10.2026
    «Таза парақ» деген атау әдемі болғанымен, оның мәні де соған сай болуы қажет. Кәсіпкерге жеңілдік уәде етіп, кейін өткен жылдардың құжаттарын талап ету — үлкен қарама-қайшылық.
  • Хабидана Бекмырза
    Хабидана Бекмырза
    13:09 16.10.2026
    Мемлекет кәсіпкерлікті қолдаймыз десе, сол қолдау іс жүзінде де сезілуі керек. Кәсіпкердің уақыты құжат жинауға емес, ел экономикасын дамытуға жұмсалғаны дұрыс.
  • Садиева Алия
    Садиева Алия
    12:36 16.10.2026
    Бұл экономиканың дамуына, инвестиция көлемінің артуына және халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді деп есептеймін. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау арқылы мемлекет экономиканы әртараптандырып, жаңа мүмкіндіктер қалыптастыра алады.
  • Садиева Алия
    Садиева Алия
    12:36 16.10.2026
    Салықтық әкімшілендіруді жеңілдету кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп қана қоймай, өндіріс пен қызмет көрсету саласына көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Мысалы, есептілікті электронды түрде тапсыру, салық төлеу рәсімдерін оңайлату және мемлекеттік органдармен байланыс орнатудың цифрлық жүйесін жетілдіру кәсіпкерлер үшін айтарлықтай қолайлы жағдай қалыптастырады. Мұндай шаралар бизнестің ашық жұмыс істеуіне және көлеңкелі экономиканың азаюына да әсер етеді.
  • Садиева Алия
    Садиева Алия
    12:35 16.10.2026
    Ғалымжан Есқараұлы, менің ойымша, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы ел экономикасының тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Салықтық әкімшілендіруді жеңілдету кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп қана қоймай, өндіріс пен қызмет көрсету саласына көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Алайда әкімшілік жүктеменің шамадан тыс болуы кәсіпкерлік белсенділікті төмендетіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан мемлекет салықтық тәртіп пен бизнесті қолдау арасында тиімді тепе-теңді
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:20 16.10.2026
    Қазақстанның дамуы үшін адам өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қою қажет деп ойлаймын.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:20 16.10.2026
    Қазақстанның дамуы үшін адам өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қою қажет деп ойлаймын.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:20 16.10.2026
    Қазақстанның дамуы үшін адам өмірі мен қауіпсіздігін бірінші орынға қою қажет деп ойлаймын.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:19 16.10.2026
    Жемқорлықты азайту үшін заң бәріне бірдей қолданылуы тиіс.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:19 16.10.2026
    Мемлекет халықтың шағымдары мен ұсыныстарына құлақ асуы қажет.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:18 16.10.2026
    Цифрлы бағдаршамдарды орнату жүргізушілерге жол қозғалысында көмектеседі.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:17 16.10.2026
    Жолдарға қажетті белгілерді орнату жол қауіпсіздігін арттырады деп есептеймін.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:17 16.10.2026
    Жолдарға қажетті белгілерді орнату жол қауіпсіздігін арттырады деп есептеймін.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:17 16.10.2026
    Айыппұл салу ғана емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу да басты назарда болуы тиіс.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:17 16.10.2026
    Халыққа сапалы әрі қолжетімді білім мен медицина ұсыну өте маңызды.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:16 16.10.2026
    Скандинавия елдерінің тәжірибесін Қазақстанда қолдану пайдалы деп ойлаймын.
  • Beknur Abitzhan
    Beknur Abitzhan
    10:16 16.10.2026
    Менің ойымша, мемлекет ең алдымен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға көңіл бөлуі керек.
  • Қарақат БЕКДАВЛЕТ
    Қарақат БЕКДАВЛЕТ
    10:15 16.10.2026
    Меніңше, салықтық реформалар кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп қана қоймай, әділ бәсекелестікті де қамтамасыз етуі керек. Егер салық жүйесі түсінікті әрі ашық болса, кәсіпкерлердің мемлекетке деген сенімі артады. Ең бастысы, жобаның нәтижесі іс жүзінде көрінуі қажет. Сіздердің ойларыңызша, бұл бастама шағын бизнестің дамуына қаншалықты әсер етеді?
  • Orazbaeva Adelina
    Orazbaeva Adelina
    10:07 16.10.2026
    Президенттің тапсырмасы жерде қалмауы керек. Осы пікірді Қаржы министрлігі міндетті түрде ескеруі қажет.
  • beknur beknur
    beknur beknur
    10:07 16.10.2026
    Менің пікірімше, Қазақстанның экономикалық дамуы үшін кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыру қажет. Салық жүйесі әділ болып, тексерулер нақты заң талаптарына сай жүргізілуі керек. Мемлекет бизнестің дамуына кедергі келтірмей, оның мүмкіндіктерін кеңейтуі тиіс. Сонда жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың табысы артып, ел экономикасы нығаяды.
  • beknur beknur
    beknur beknur
    10:07 16.10.2026
    Менің ойымша, шағын бизнесті қолдау ауылдар мен қалалардың дамуына оң әсер етеді. Кәсіпкерлер жергілікті халыққа қажетті тауарлар мен қызметтерді ұсынады. Сонымен қатар олар бюджетке салық төлеп, экономиканың дамуына үлес қосады. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болуы тиіс.
  • Orazbaeva Adelina
    Orazbaeva Adelina
    10:07 16.10.2026
    Заңның атын өзгертіп, заты сол күйі қалуы дұрыс емес. Кәсіпкерге түсінікті, тұрақты ереже керек.
  • beknur beknur
    beknur beknur
    10:07 16.10.2026
    Менің пікірімше, мемлекет пен кәсіпкерлер арасында өзара сенім болуы өте маңызды. Кәсіпкерлер заң талаптарын орындап, салықтарын уақытында төлеуі қажет. Ал мемлекет олардың құқықтарын қорғап, әділ жағдай жасауы керек. Екі тараптың жауапкершілігі ел экономикасының тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.
  • Orazbaeva Adelina
    Orazbaeva Adelina
    10:07 16.10.2026
    Мақаланы оқып, көкейдегіні дөп басқандай әсер алдым. Ғалымжан ағайға үлкен рахмет.
  • Orazbaeva Adelina
    Orazbaeva Adelina
    10:07 16.10.2026
    Экономиканың тірегі шағын бизнес екені рас. Оған осындай қысым көрсету - өз аяғымызға балта шабу.
  • beknur beknur
    beknur beknur
    10:07 16.10.2026
    Менің ойымша, артық әкімшілік кедергілер кәсіпкерліктің дамуын баяулатуы мүмкін. Кәсіпкерлер уақытын құжат жинауға емес, жаңа өнім шығаруға және сапалы қызмет көрсетуге жұмсауы керек. Мемлекеттік органдардың жұмысын жеңілдету мен цифрландыру кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, олардың еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
  • Orazbaeva Adelina
    Orazbaeva Adelina
    10:07 16.10.2026
    Бұл тек салық мәселесі емес, халықтың жұмыспен қамтылуы мәселесі. Кәсіп жабылса, талай отбасы табыссыз қалады
  • beknur beknur
    beknur beknur
    10:06 16.10.2026
    Менің пікірімше, салық төлеу әр кәсіпкердің міндеті болып табылады. Алайда салықтық бақылау заңға сәйкес және әділ жүргізілуі қажет. Мемлекет жалған мәмілелердің алдын алып, адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауы керек. Осындай әділ жүйе қалыптасса, кәсіпкерлер арасында сенім артып, адал бәсекелестік дамиды.
  • Orazbaeva Adelina
    Orazbaeva Adelina
    10:06 16.10.2026
    Автордың ойы өте әділ және парасатты. Мемлекет уәдесін орындаса, кәсіпкер де адал жұмыс істейді.
  • beknur beknur
    beknur beknur
    10:06 16.10.2026
    Менің ойымша, шағын бизнестің дамуы жұмыссыздықты азайтуға көмектеседі. Кәсіпкерлер жаңа дүкендер, өндіріс орындары мен қызмет көрсету орталықтарын ашады. Соның нәтижесінде көптеген азамат жұмысқа орналасып, табыс табады. Сондықтан мемлекет кәсіпкерлікті қолдап, жаңа жобаларды жүзеге асыруға қажетті жағдай жасауы тиіс.
  • Orazbaeva Adelina
    Orazbaeva Adelina
    10:06 16.10.2026
    Микро бизнесті қолдау деген аты ғана болып тұр. Іс жүзінде 10 күнде 3 жылдық есепті жинау мүмкін емес қой.
  • beknur beknur
    beknur beknur
    10:06 16.10.2026
    Менің пікірімше, «Таза парақ» қағидасы кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік беруі керек. Егер мемлекет бизнесті қолдауға уәде берсе, сол уәдесін орындауы маңызды. Ережелер түсінікті әрі тұрақты болған жағдайда кәсіпкерлер өз жұмыстарын сенімді жоспарлайды. Бұл шағын бизнестің дамуына және ел экономикасының нығаюына көмектеседі.
  • Orazbaeva Adelina
    Orazbaeva Adelina
    10:06 16.10.2026
    Сараптама тілі жатық, дәлелі мықты жазылыпты. Осындай білікті мамандардың пікірін Үкімет тыңдауы тиіс.
  • beknur beknur
    beknur beknur
    10:06 16.10.2026
    Менің ойымша, кәсіпкерлерге қысқа мерзімде көптеген құжат жинау қиындық туғызады. Сондықтан салық органдары құжаттарды тапсыруға жеткілікті уақыт беруі керек. Бұл кәсіпкерлердің негізгі жұмысына кедергі келтірмейді. Сонымен қатар мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің жағдайын ескеріп, өзара түсіністікпен жұмыс істеуі қажет.
  • beknur beknur
    beknur beknur
    10:06 16.10.2026
    Менің пікірімше, салық жүйесі қарапайым әрі түсінікті болуы қажет. Кәсіпкерлер өз міндеттерін нақты біліп, салықты уақытында төлеуі керек. Сонымен қатар мемлекет салықтық талаптарды әділ орындауды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл кәсіпкерлердің мемлекетке деген сенімін арттырып, экономиканың тұрақты дамуына ықпал етеді.
  • Orazbaeva Adelina
    Orazbaeva Adelina
    10:05 16.10.2026
    Таза парақ" дегеніміз шынымен таза болуы керек. Ескі жылдардың құжатын қайта сұрау - кәсіпкерге деген сенімсіздік.
  • beknur beknur
    beknur beknur
    10:05 16.10.2026
    Менің ойымша, шағын және орта бизнес Қазақстан экономикасының маңызды тірегі болып саналады. Мемлекет кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, олардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауы керек. Артық тексерулерді азайту кәсіпкерліктің дамуына көмектеседі. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді.
  • Orazbaeva Adelina
    Orazbaeva Adelina
    10:05 16.10.2026
    Ғалымжан Есқараұлы өте өзекті мәселені көтерген екен. Бұл мақала әрбір шағын кәсіпкердің жан айқайы деп білемін.
  • Қарақат БЕКДАВЛЕТ
    Қарақат БЕКДАВЛЕТ
    10:02 16.10.2026
    Менің ұсынысым — кәсіпкерлерге салық төлеу тәртібін түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде қолжетімді ету. Сонымен қатар, салық жүйесі ашық әрі түсінікті болуы керек. Сонда кәсіпкерлер өз жұмыстарын сенімді жүргізіп, бизнестерін дамытуға көбірек көңіл бөле алады. Сіздердің ойларыңызша, «Таза парақ» жобасы шағын кәсіпкерлердің салықтық жүктемесін шынымен азайта ала ма? Меніңше, бұл жобаның тиімділігі оны іс жүзінде дұрыс жүзеге асыруға байланысты.
  • Қарақат БЕКДАВЛЕТ
    Қарақат БЕКДАВЛЕТ
    10:01 16.10.2026
    Менің ойымша, «Таза парақ» жобасы шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Салықтық әкімшілендіруді жеңілдету кәсіпкерлердің уақытын үнемдеп, артық шығындарын азайтуға көмектеседі. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының ашылуына және ел экономикасының өсуіне ықпал етеды
  • yealin
    yealin
    09:50 16.10.2026
    Кәсіпкерлік қызметтің құлдырауына жол бермеу үшін Үкімет пен Ұлттық экономика министрлігі бұл мәселеге шұғыл араласуы тиіс деп есептеймін. Спикердің «Ескі бақылау жүйесі жаңа атау алуы үшін ғана қажет емес» деген сөзі өте тауып айтылған. Демократиялық қоғамда халық пен бизнестің үні осындай сауатты мақалалар арқылы билікке жетуі керек. Жазбаңыз өте құнды, қолдаймын!
  • yealin
    yealin
    09:50 16.10.2026
    «Таза парақ» жобасының басты мақсаты фискалдық жүктемені азайту деп жарияланғанымен, іс жүзінде кәсіпкерлер жаппай қысымға тап болып отыр. Экономикамыз өркендеуі үшін бизнеске еркіндік беріп, оларды қағазбастылықтан босату қажет. Өз айналасындағы адал кәсіпкер ағайын-туыс пен достардың жағдайын ойлап, осындай тамаша сараптамалық мақала жазған авторға зор алғысымды білдіремін, өте өзекті!
  • yealin
    yealin
    09:50 16.10.2026
    Микро және шағын бизнес субъектілері ақша айналымын жасырмауы тиіс, бұл — адал бәсекелестіктің шарты, бірақ тексеру де әділ жүруі керек. Операциялардың шынайылығын дәлелдеу үшін техниканы, қызметкерлерді, барлық жүкқұжаттарды он күнде жинау үлкен компанияларға да оңай емес. Ғалымжан Есқараұлының бұл кәсіби талдауы Салық кодексін қайта қарауға негіз бола алатын салмақты дүние екен.
  • yealin
    yealin
    09:50 16.10.2026
    Жаңа Салық кодексі енгізілгенде кәсіпкерлер әкімшілік жүктеменің азаюын күткен еді, бірақ «жаңа тәжірибе» ескі жүйенің басқа атаумен оралуы болып шықты. Осы мәселені ашық айтып, министрліктер мен комитет төрағасына тікелей сұрақ қойғаныңыз үшін рақмет. Бизнес саласы салықтан қашпайды, тек өздеріне жарияланған уәделер мен түсінікті ойын ережелерінің сақталуын талап етеді.
  • yealin
    yealin
    09:49 16.10.2026
    Хабарлама мерзімінде орындалмаса, банктік шоттар мен электрондық шот-фактураларды жазып беруді бірден шектеп тастау — бизнесті тірідей өлтірумен тең. Бұл жазалау шаралары кәсіпкерді алдын ала «қылмыскер» ретінде көруден туындап отырған сияқты. Мемлекет алдымен ескерту жасап, заң бұзушылықтың алдын алуға көшуі керек еді, ал қазіргі жағдай керісінше болып тұр.
  • yealin
    yealin
    09:49 16.10.2026
    «Парасатты мемлекет» құрамыз десек, бірінші кезекте бизнестің уақытын сыйлауымыз қажет. Еңбекқор азаматтар уақытын өткен кезеңнің қағаздарын түгендеуге емес, жаңа технологияларды енгізуге, жасанды интеллектіні қолдануға және өнімділікті арттыруға жұмсауы керек. Экономист сарапшы ретінде кәсіпкердің жан-айқайы мен нақты мұң-мұқтажын жоғары жаққа өте сауатты жеткізе білгенсіз, қаламыңыз ұштала берсін!
  • yealin
    yealin
    09:49 16.10.2026
    Мақалада өте маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселе көтерілген, себебі шағын кәсіпкерлік — халықты жұмыспен қамтып отырған негізгі күш. Егер осындай жаппай тексерулер тоқтамаса, көптеген кәсіпкерлер ісін тоқтатуға мәжбүр болады. Бұл елдегі жұмыссыздықтың көбеюіне және бюджетке түсетін салықтық түсімдердің азаюына алып келетін өте қауіпті үрдіс, мұны билік ескеруі тиіс.
  • yealin
    yealin
    09:49 16.10.2026
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті қолдау мен жосаннан тыс тексерулерді доғаруды бірнеше рет қатаң тапсырған болатын. Алайда Мемлекеттік кірістер комитетінің «камералдық тексеру емес» деген желеумен бақылаудың жаңа түрлерін енгізуі Президент саясатына қайшы келеді. Түсініксіз реформалар мен құжатбастылық адал еңбек етіп жүрген кәсіпкерлердің мемлекетке деген сенімін азайтады.
  • yealin
    yealin
    09:48 16.10.2026
    Шағын және микро бизнес өкілдері үшін үш жылдық архивті қопарып, барлық келісімшарттар мен жүкқұжаттарды небәрі 10 жұмыс күні ішінде жинап беру — мүлдем мүмкін емес талап. Кәсіпкерлер заңнан қашпайды, бірақ мұндай шұғыл қысымдар мен хабарламалар жұмысты толық тұралатып тастайды. Салық органдарының бұл тетігі бизнестің дамуына үлкен кедергі келтіріп отырғаны жасырын емес.
  • yealin
    yealin
    09:48 16.10.2026
    Ғалымжан Есқараұлы, мақалаңызда «Таза парақ» бастамасы мен іс жүзіндеге ЭШФ салыстырмалы бақылауы арасындағы үлкен қайшылықты өте дәл көрсетіпсіз. Мемлекет бір жағынан жеңілдік уәде етіп, екінші жағынан өткен үш жылдың құжаттарын жаппай талап етсе, бұл бизнеске үлкен соққы болады. Ойын ережесі екі тарапқа да ортақ, әрі басынан бастап ашық, айқын болуы тиіс еді.
  • Нұрай Өнерқан
    Нұрай Өнерқан
    09:39 16.10.2026
    Бизнестің шынайы жағдайын ашық жазып, маңызды мәселені көтергені үшін авторға үлкен алғыс!
  • Нұрай Өнерқан
    Нұрай Өнерқан
    09:39 16.10.2026
    Парасатты мемлекет» қағидаты мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы өзара сенімді нығайтуға қызмет етуі тиіс.
  • Нұрай Өнерқан
    Нұрай Өнерқан
    09:39 16.10.2026
    Кәсіпкерлердің уақыты ескі құжаттарды архивтен іздеуге емес, жаңа өнім шығарып, жұмыс орындарын ашуға жұмсалуы тиіс. Керемет сараптама!
  • Нұрай Өнерқан
    Нұрай Өнерқан
    09:39 16.10.2026
    Жаңа Салық кодексі күшіне еніп жатқан кезде, өткен жылдар үшін жаппай есеп талап ету кәсіпкерлерді әбден әуреге салып жатыр.
  • Нұрай Өнерқан
    Нұрай Өнерқан
    09:38 16.10.2026
    ЭШФ арқылы салыстырмалы бақылау жасағанда кәсіпкерлерге берілетін уақыт өте қысқа, бұл үлкен қиындық тудырады.
  • Ерасыл Тажетдинов 11-8
    Ерасыл Тажетдинов 11-8
    09:38 16.10.2026
    Менің ойымша, шағын және микро кәсіпкерлерге салықтық әкімшілендіруді жеңілдету қажет. Өйткені кәсіпкерлерге көп құжат жинауға және қысқа мерзімде есеп беруге міндеттеу олардың жұмысына кедергі келтіреді. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдап, тексерулерді азайтып, бизнестің дамуына жағдай жасауы керек.
  • Нұрай Өнерқан
    Нұрай Өнерқан
    09:38 16.10.2026
    Мемлекет басшысының «әкімшілік жүктемені азайту» туралы тапсырмасы орындалуы қажет. Әйтпесе, кәсіпкерлердің сенімі азаяды.
  • Нұрай Өнерқан
    Нұрай Өнерқан
    09:38 16.10.2026
    Шағын және орта бизнеске негізсіз кедергі келтіріп, шоттарын бұғаттау қаупін төндіру – адал бәсекелестікке үлкен кедергі.
  • Нұрай Өнерқан
    Нұрай Өнерқан
    09:38 16.10.2026
    Экономист Ғалымжан Есқараұлы бизнес өкілдерінің шынайы мұң-мұқтажын дөп басып айтыпты. Жауапты орындар бұл мәселеге міндетті түрде құлақ асуы керек.
  • Нұрай Өнерқан
    Нұрай Өнерқан
    09:37 16.10.2026
    Кәсіпкерлерге 2023–2025 жылдардың құжаттарын 10 жұмыс күні ішінде түгелдеп беруді талап ету – жарияланған «таза парақ» қағидатына қайшы келіп тұр.
  • Нұрай Өнерқан
    Нұрай Өнерқан
    09:37 16.10.2026
    «Таза парақ» бастамасы шынымен де қағаз жүзінде емес, іс жүзінде де ашық әрі түсінікті жұмыс істеуі тиіс. Өте өзекті мәселе көтерілген!
  • Алимова Алинура
    Алимова Алинура
    09:33 16.10.2026
    Қорыта айтқанда, шағын бизнесті қолдау ел экономикасының дамуына оң әсер етеді.
  • Алимова Алинура
    Алимова Алинура
    09:32 16.10.2026
    Мемлекет адал кәсіпкерлерге сенім білдіруі керек деп ойлаймын.
  • Алимова Алинура
    Алимова Алинура
    09:31 16.10.2026
    Менің ойымша, кәсіпкерлер дамыса, еліміздің экономикасы да дамид
  • Алимова Алинура
    Алимова Алинура
    09:31 16.10.2026
    Мен бұл жобаны бизнесті қолдаудың жақсы жолы деп ойлаймын.
  • Алимова Алинура
    Алимова Алинура
    09:30 16.10.2026
    Меніңше, құжаттарды жинауға көбірек уақыт беру керек.
  • Алимова Алинура
    Алимова Алинура
    09:30 16.10.2026
    Менің ойымша, кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қажет.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:29 16.10.2026
    Шағын бизнесті қолдау тек сөз жүзінде емес, іс жүзінде де көрінсе екен. Сонда кәсіпкерлерге жұмыс істеу жеңілірек болады.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:29 16.10.2026
    Менің ойымша, жаңа ережелер енгізілген кезде оның кәсіпкерлерге қалай әсер ететіні алдын ала ескерілуі керек.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:29 16.10.2026
    Мемлекет пен кәсіпкерлер арасында түсіністік болса, экономика да жақсы дамиды деп сенемін.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:28 16.10.2026
    Кәсіпкерлердің уақытын құжат жинауға емес, бизнестерін дамытуға жұмсағаны тиімді деп ойлаймын.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:28 16.10.2026
    Шағын кәсіпкерлер көп адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Сондықтан олардың мәселелерін назардан тыс қалдырмау керек.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:28 16.10.2026
    Шағын кәсіпкерлер көп адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Сондықтан олардың мәселелерін назардан тыс қалдырмау керек.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:28 16.10.2026
    Меніңше, салық жүйесі қарапайым әрі түсінікті болса, кәсіпкерлерге де жұмыс істеу жеңіл болады.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:28 16.10.2026
    Қазір жеке кәсіп ашу оңай емес, сондықтан кәсіпкерлерге артық қиындық туғызбай, жұмыстарына қолдау көрсеткен дұрыс.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:28 16.10.2026
    Шағын бизнестің дамуы үшін мемлекет тарапынан қолайлы жағдай жасалуы керек деп ойлаймын.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:27 16.10.2026
    Кәсіпкерлерге құжат жинауға көп уақыт кетсе, өз жұмыстарына көңіл бөлу қиындайды. Осы жағы ескерілсе екен.
  • Абдылла Айдана
    Абдылла Айдана
    09:27 16.10.2026
    Менің ойымша, шағын кәсіпкерлерге осындай кезде қолдау көрсету өте маңызды. Себебі олардың жұмысы ел экономикасына да әсер етеді.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:25 16.10.2026
    Бұл мақала кәсіпкерлердің мәселесіне назар аудартады. Мемлекет олардың ұсыныстарын ескеріп, салықтық реформаларды жетілдіруі қажет.
  • ZTL Сейтжан Айшуақ
    ZTL Сейтжан Айшуақ
    09:24 16.10.2026
    шағын бизнесті қолдау – мемлекеттің экономикалық дамуына қосылған үлес. Кәсіпкерлерге жағдай жасалса, жұмыс орындары көбейіп, халықтың табысы артады.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:24 16.10.2026
    Автордың пікірін қолдаймын. Кәсіпкерлерге түсінікті ережелер мен жеткілікті уақыт берілсе, олардың мемлекетке деген сенімі артады.
  • ZTL Сейтжан Айшуақ
    ZTL Сейтжан Айшуақ
    09:24 16.10.2026
    Менің ойымша, салықтық бақылау әділ жүргізіліп, адал кәсіпкерлердің құқықтары қорғалуы тиіс. Бұл ел экономикасының дамуына оң әсер етеді.
  • ZTL Сейтжан Айшуақ
    ZTL Сейтжан Айшуақ
    09:24 16.10.2026
    Кәсіпкерлердің уақытын ескі құжаттарды жинауға емес, бизнесті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмсауына мүмкіндік беру керек.
  • ZTL Сейтжан Айшуақ
    ZTL Сейтжан Айшуақ
    09:24 16.10.2026
    Мемлекет пен кәсіпкерлер арасында өзара сенім болуы қажет. Заң талаптары нақты әрі барлығына бірдей түсінікті болғаны дұрыс.
  • ZTL Сейтжан Айшуақ
    ZTL Сейтжан Айшуақ
    09:23 16.10.2026
    Шағын бизнеске артық қысым жасау жұмыс орындарының азаюына әкелуі мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау маңызды.
  • ZTL Сейтжан Айшуақ
    ZTL Сейтжан Айшуақ
    09:23 16.10.2026
    Менің пікірімше, салықтық реформалар кәсіпкерлерге түсінікті әрі қолайлы болуы тиіс. Сонда олар өз жұмысын сенімді жүргізе алады.
  • ZTL Сейтжан Айшуақ
    ZTL Сейтжан Айшуақ
    09:23 16.10.2026
    Мемлекет кәсіпкерлерге талап қоюмен қатар, олардың жағдайын да ескеруі керек. Шағын бизнес – ел экономикасының маңызды бөлігі.
  • ZTL Сейтжан Айшуақ
    ZTL Сейтжан Айшуақ
    09:23 16.10.2026
    Кәсіпкерлерге қысқа мерзімде көп құжат жинауды міндеттеу олардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан құжат тапсыру мерзімін ұзарту қажет.
  • ZTL Сейтжан Айшуақ
    ZTL Сейтжан Айшуақ
    09:22 16.10.2026
    Таза парақ» жобасы кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер беріп, олардың еркін жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек.
  • ZTL Сейтжан Айшуақ
    ZTL Сейтжан Айшуақ
    09:22 16.10.2026
    Менің ойымша, шағын кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін салықтық жүйені жеңілдетіп, артық құжат талап етуді азайту қажет.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:22 16.10.2026
    Автордың кәсіпкерлерге қатысты көтерген мәселесімен келісемін. Бірнеше жылдық құжаттарды қысқа мерзімде жинау оңай емес. Меніңше, салық органдары кәсіпкерлерге талап қоюмен қатар, олардың жағдайын да ескеруі тиіс. Сонда адал кәсіпкерлер өз жұмысын тоқтатпай, экономиканың дамуына үлес қоса алады.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:17 16.10.2026
    Мақалада көтерілген мәселе маңызды деп санаймын. Мемлекет пен кәсіпкерлер бір-бірін түсініп, ортақ шешімге келуі керек.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:17 16.10.2026
    Таза парақ» жобасы кәсіпкерлерге нақты көмек беруі тиіс. Ол үшін уәде етілген жеңілдіктер іс жүзінде орындалуы қажет.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:16 16.10.2026
    Мемлекет салықтың уақытында төленуін бақылауы қажет. Бірақ адал кәсіпкерлерге артық қиындық туғызбағаны дұрыс.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:16 16.10.2026
    Менің ойымша, шағын бизнеске қолдау көрсету үшін салықтық талаптар жеңіл әрі түсінікті болуы керек. Бұл кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетеді.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:16 16.10.2026
    Кәсіпкерлер елдегі жұмыс орындарының көбеюіне және халықтың табыс табуына ықпал етеді. Егер оларға шамадан тыс әкімшілік жүктеме түссе, кейбір кәсіпорындар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болуы мүмкін. Бұл жұмыссыздыққа да әсер етеді. Сондықтан кәсіпкерлікті қолдау мемлекет пен қоғам үшін маңызды міндет деп санаймын.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:16 16.10.2026
    Менің пікірімше, шағын бизнеске қолдау көрсету тек жеңілдетілген салық режимін енгізумен шектелмеуі керек. Кәсіпкерлердің уақытын алатын артық рәсімдерді азайту да маңызды. Егер кәсіпкер уақытын бұрынғы құжаттарды іздеуге жұмсаса, бизнесті дамытуға аз көңіл бөледі. Сондықтан мемлекеттік органдар салықтық бақылауды жеңіл әрі тиімді жүргізу жолдарын қарастыруы қажет.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:15 16.10.2026
    Мақалада көтерілген мәселе өте өзекті. Бір жағынан, мемлекет салықтың дұрыс төленуін және жалған мәмілелердің болмауын бақылауы керек. Екінші жағынан, адал кәсіпкерлерге артық кедергі жасалмауы тиіс. Ең тиімді шешім — заң талаптарын сақтай отырып, кәсіпкерлерге түсінікті ережелер мен жеткілікті уақыт беру.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:15 16.10.2026
    Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін салық жүйесі түсінікті әрі қолайлы болуы қажет. Кәсіпкерлердің барлығы бірдей үлкен компаниялар сияқты құжаттарды тез жинап, дайындай алмайды. Сол себепті салық органдары талап қойған кезде кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін де ескергені дұрыс. Бұл бизнеске деген сенімді арттырады деп ойлаймын.
  • PN Алуа Ахмет
    PN Алуа Ахмет
    09:14 16.10.2026
    Менің ойымша, «Таза парақ» жобасы шағын және микро бизнесті қолдауға бағытталған маңызды бастама. Себебі кәсіпкерлер ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосады. Алайда бұрынғы жылдардың құжаттарын қысқа мерзімде қайта жинауды талап ету кәсіпкерлерге қосымша қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан мемлекет уәде еткен жеңілдіктер іс жүзінде де көрініс табуы керек.
  • Зейнелхан Анар
    Зейнелхан Анар
    09:11 16.10.2026
    Жаңа Салық кодексі енгізілсе де, тексеру механизмдерінің атын өзгертіп, қайта қысым жасау адал кәсіпкерді тығырыққа тірейді. Шоттарды бұғаттаймыз деп қорқытқанша, жария түрде айтылған уәде мен ережелер баршаға бірдей түсінікті әрі ашық болуы тиіс.
  • Зейнелхан Анар
    Зейнелхан Анар
    09:10 16.10.2026
    Мемлекет берген уәдесінде тұрып, кәсіпкерлерге кедергі жасауды тоқтатуы керек!
  • Зейнелхан Анар
    Зейнелхан Анар
    09:10 16.10.2026
    Кәсіпкерлер уақытын архив ақтаруға емес, дамуға, жаңа өнім шығаруға жұмсауға тиіс. Осылай жаппай хабарлама жібере берсе, көбі бизнесін жауып, жұмыссыздық көбейеді.
  • Зейнелхан Анар
    Зейнелхан Анар
    09:09 16.10.2026
    Шағын және микро бизнес — ел экономикасын ұстап тұрған негізгі күш. Оларға қолдау білдірудің орнына, 10 күн ішінде 2023 жылдан бергі барлық келісімшарт пен жүкқұжаттарды сұрату деген ақылға сыймайды.
  • Зейнелхан Анар
    Зейнелхан Анар
    09:08 16.10.2026
    Шын мәнінде, адал істеп жүрген кәсіпкерлерге бұл «Таза парақ» емес, үлкен әуре-сарсаң болып тиді. Бақылаудың атын өзгерткенімен, іс жүзінде соңғы 3 жылды қайта тексеру жүріп жатқаны байқалады. 10 күнде құжат үлгермесе, шотты жауып, ЭШФ-ны бұғаттау — бизнесті тоқтатумен бірдей. «Парасатты мемлекет» деген қағида барлық мемлекеттік органдарға бірдей орындалуы керек.
  • Зейнелхан Анар
    Зейнелхан Анар
    09:07 16.10.2026
    Бұл сұхбат — бүгінгі бизнестің шынайы айнасы. Президент шағын бизнеске тиіспеуді, тексеруді азайтуды қанша айтса да, орындаушы органдар басқа амалын тауып алады
  • Зейнелхан Анар
    Зейнелхан Анар
    09:07 16.10.2026
    Мемлекет «Таза парақ» деп жариялады ма, демек соған сай әділ әрі ашық ереже ұсынуы керек. Кәсіпкерден салықтан жалтаруды емес, жария айтылған қағидалардың орындалуын талап етуге құқылы.
  • Зейнелхан Анар
    Зейнелхан Анар
    09:06 16.10.2026
    Егер «Таза парақ» деген сөз бақылаудың басқа түрін білдірсе, неге оны басынан ашық айтпады? Бизнеске нақты, түсінікті ережелер ауадай қажет!
  • Зейнелхан Анар
    Зейнелхан Анар
    09:06 16.10.2026
    Сұхбатта өте терең әрі шынайы мәселе қозғалған. Шағын бизнес субъектілерінде тұрақты бухгалтер де, заңгер де бола бермейді, олар 10 жұмыс күн ішінде 3 жылдық архивті қайдан жинап бермек? Бұл әкімшілік жүктеме сөз жүзінде азайғанымен, іс жүзінде арта түскенін көрсетеді. Кәсіпкерлерге дамуға, өнімділікті арттыруға мүмкіндік беру керек!
  • Зейнелхан Анар
    Зейнелхан Анар
    09:05 16.10.2026
    Өте маңызды тақырып. «Таза парақ» реформасы кәсіпкерге де, мемлекетке де бірдей түсінікті болуы тиіс еді. Бірақ, қазіргі жағдай керісінше: уәде берілді, ал іс жүзінде жаппай хабарламалар тарап жатыр. Осылайша жазалау әдісін қолдана берсек, жаңа жұмыс орындарын ашу, инновация мен AI технологияларын енгізу туралы айтудың өзі артық. Өте дұрыс позиция!
  • Асхатұлы Алихан
    Асхатұлы Алихан
    20:01 15.10.2026
    8. Менің ойымша, салық жүйесі барлығына түсінікті әрі әділ болуы керек. 9. Кәсіпкерлер өз табысын жасырмай, заң бойынша жұмыс істеуі қажет. 10. Мен бұл жобаның нәтижелі болып, кәсіпкерлерге пайда әкелгенін қалаймын.
  • Асхатұлы Алихан
    Асхатұлы Алихан
    20:00 15.10.2026
    1. Менің ойымша, бұл жоба шағын бизнесті қолдауға көмектеседі. 2. Кәсіпкерлерге салық төлеу тәртібін жеңілдету қажет деп ойлаймын. 3. Шағын бизнес ел экономикасында маңызды рөл атқарады. 4. Меніңше, салықтық тексерулер кәсіпкерлерге артық қиындық туғызбауы керек. 5. Кәсіпкерлерге өз жұмысын дамытуға көбірек мүмкіндік беру қажет. 6. Мемлекет шағын бизнесті қолдаса, жаңа жұмыс орындары көбейеді. 7. Құжаттарды қысқа уақытта жинау кәсіпкерлерге қиын болуы мүмкін.
  • Мадина Казиева
    Мадина Казиева
    16:51 15.10.2026
    Жалпы, кәсіпкерлерге де, мемлекетке де ортақ тиімді шешім табу керек деп ойлаймын.
  • Мадина Казиева
    Мадина Казиева
    16:51 15.10.2026
    Мемлекет берген уәдесін орындаса, халықтың сенімі артады.
  • Мадина Казиева
    Мадина Казиева
    16:50 15.10.2026
    Кәсіпкерлерге қойылатын талаптар алдын ала түсіндірілсе, түсініспеушілік азаяр еді.
  • Мадина Казиева
    Мадина Казиева
    16:50 15.10.2026
    Меніңше, заңдар жиі өзгермей, тұрақты болғаны дұрыс.
  • Мадина Казиева
    Мадина Казиева
    16:50 15.10.2026
    Шағын бизнес дамыса, ел экономикасына да пайдасы тиеді.
  • Мадина Казиева
    Мадина Казиева
    16:50 15.10.2026
    Кәсіпкерлердің уақытын тек құжат жинауға жұмсағаны тиімсіз деп ойлаймын.
  • Мадина Казиева
    Мадина Казиева
    16:50 15.10.2026
    Салық төлеу керек, бірақ талаптар да түсінікті болғаны дұрыс.
  • Мадина Казиева
    Мадина Казиева
    16:50 15.10.2026
    Мемлекет кәсіпкерлерге көмектессе, жаңа жұмыс орындары да ашылады.
  • Мадина Казиева
    Мадина Казиева
    16:49 15.10.2026
    Құжаттарды жинауға он күн аз уақыт сияқты.
  • Мадина Казиева
    Мадина Казиева
    16:49 15.10.2026
    Менің ойымша, шағын кәсіпкерлерге жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасау керек.
  • Динмухаммед Конаев
    Динмухаммед Конаев
    11:52 15.10.2026
    Менің ойымша, «Таза парақ» бастамасы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастама бизнеске кедергілерді азайтып, кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге көмектеседі. Мемлекет пен кәсіпкерлер арасында сенім болуы керек. Сонымен қатар заң талаптары сақталуы маңызды. Меніңше, осы бастама тиімді жүзеге асса, шағын және орта бизнес дамып, ел экономикасы нығая түседі.
  • Нагашбек Назерке
    Нагашбек Назерке
    11:36 15.10.2026
    Өте өзекті әрі маңызды мәселе көтерілген. Кәсіпкерлерге қолдау көрсету және ел экономикасын дамыту үшін мемлекет пен бизнес арасында түсіністік пен сенім болуы қажет. «Таза парақ» бастамасы өз мақсатына сай жүзеге асып, кәсіпкерлерге нақты жеңілдік әкеледі деп сенемін. Осындай маңызды мәселені көтергеніңіз үшін рақмет!
  • Садиева Алия
    Садиева Алия
    01:55 15.10.2026
    Ғалымжан Есқараұлы, мақалаңыз өте өзекті! Шағын және орта бизнесті қолдау еліміздің экономикасы үшін өте маңызды. Кәсіпкерлерге түсінікті ережелер мен қолайлы жағдай жасалуы керек деген пікіріңізбен келісемін. Әсіресе, қысқа мерзімде бірнеше жылдық құжаттарды жинау мәселесі кәсіпкерлерге қиындық тудыруы мүмкін. Мемлекет пен кәсіпкерлер арасында сенім мен түсіністік болғаны маңызды. Пайдалы мақалаңыз үшін рақмет!
  • Galymzhan Kerimbek
    Galymzhan Kerimbek
    15:01 14.10.2026
    «Парасатты мемлекет» микро және шағын бизнеске қарым-қатынасты «Таза парақтан» бастауға уәде берсе, онда бұл аталған қағида мемлекетке де, барлық кәсіпкерге де бірдей түсінікті болуы керек еді