Қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

Қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды

фото: Instagram.com/katonkaragay_nationalpark/

       Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық паркінде Қызыл кітапқа енген қар барысына спутниктік қарғыбау тағылды. Оңтүстік Алтайда мұндай жұмыс алғаш рет жүргізілді. 

       Мамандар қар барысына “Алтай” деген ат берген. Енді оның қайда жүргенін, қанша шақырым жол жүретінін және қандай аумақтарды мекендейтінін спутник арқылы бақылауға болады.

       Жиналған мәліметтер ғалымдарға сирек кездесетін жыртқыштың тіршілігін тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қар барысының мекендеу ортасын сақтап, оны қорғау шараларын тиімді жоспарлауға көмектеседі.

       Арнайы қарғыбауды орнатуға Катонқарағай ұлттық паркінің қызметкерлері мен Зоология институтының мамандары қатысқан.

       Жоба Pernod Ricard Kazakhstan компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

       Қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Сирек кездесетін жыртқышты сақтау үшін оның табиғи ортадағы қозғалысы мен тіршілік ету ерекшеліктерін зерттеу маңызды.

       https://stan.kz/

Subscribe to our social networks and stay up to date with all the events!

Read also

Subscribe
Comments
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите