Қазіргі кезде республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы бір келісі үшін 3 800 теңгені құрайды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова алдағы уақытта сиыр етінің бағасын көтеруге ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді.
Ресми статстикаға сәйкес, қазіргі кезде республика бойынша сиыр етінің орташа бағасы бір келісі үшін 3 800 теңгені құрайды.
"Астанада 3 800-4000 теңге және одан жоғары. Атап айтқанда, "Шапағат" базарында - 3 900 теңге, Артемда 4 400-4 500 теңгеден сатады", - деді Хатепова үкіметтегі брифингте.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде сиыр етінің бағасын көтеруге себеп болатын факторлар жоқ. Еттің көлемі жеткілікті, мал басы да өсіп келеді.
"Сондықтан сиыр етінің бағасын күрт көтеруге ешқандай негіз жоқ", - деді Хатепова.
Дерек көзі: https://sputnik.kz