Бүкіл әлемде шампан пен шараптың дәмі "бұзылып" жатыр

Бүкіл әлемде шампан пен шараптың дәмі "бұзылып" жатыр

фото: https://pixabay.com/

2026 жылғы климаттық дағдарыс пен рекордтық аптап ыстық шампан градусын бірнеше пайызға арттырып, қымбатшылық тудырып жатыр. 

Биылғы жылы Еуразия сақарасын жайлаған аптап ыстық, құрғақшылық, үсік ұру, бұршақ және орман өрттері Франция, Испания, Италия, Түркия және басқа да елдердің жүзімдіктерін қатар жайпады.

Салдарынан мыңдаған гектар егістік қурап қалған, дәмі бұзылып, сапаға сәйкес келмеген миллиондаған ішімдік далаға босқа төгілген. Бұған қоса, өнімнің өзі – оның қуаттылық деңгейі, қышқылдығы, хош иісі мен үйреншікті дәмі түбегейлі өзгеруде.

Франция тұңғыш рет шампан "қызуын" 15%-ға көтеруге рұқсат берді

Comité Champagne қауымдастығы өндірушілерге шампан қызуының өткен ғасырлардан бері бұлжымастай болып бекітілген шегін 13%-дан 15%-ға дейін уақытша арттыруға ресми түрде рұқсат етті.

BBC хабарлағандай, мұндай қатаң шара тарихта тұңғыш рет қабылданып отыр. Оған реттеушіні жаздағы шектен тыс ыстық пен құрғақшылық мәжбүр етті.

Өйткені метеорологиялық аномалиялар Шампань өңіріндегі жүзімнің құрамында қант мөлшерінің тым жоғары болып түзілуіне әкеп соқты. Ферментация (ашыту) үдерісі кезінде артық қант белсенді түрде алкогольге айналады, салдарынан ішімдіктің градус көрсеткіші де жоғарылайды.

Comité Champagne (Шампань шараптарының ведомствоаралық комитетінің) өкілдері түсіндіргендей, шампандағы әйгілі көпіршіктердің пайда болуына жауап беретін "екінші реттік ашыту кезеңінде" биылғы өнімнің қызуы қолданыстағы 13%-дық нормативтен асып түсіпті. Сондықтан реттеушіге шетін шараға барып, ережені бұзып, рұқсат етілетін шекті межені 15%-ға дейін жоғарылатуға тура келді.

Верзене коммунасындағы шампан өндіруші Стефан Виньон британдық The Times газетіне берген сұхбатында болып жатқан жағдайды жаңа климаттық өмір шындығының басталуы деп сипаттады.

"Жерорта теңізінің климаты солтүстікке қарай тынымсыз жылжып келеді. Бұл – жаңа циклдің алғашқы жылы. Комитет мұның әр жыл сайын қайталана бермейтінін болжайды. Бірақ біз мұндай жағдайдың тағы да қайталанатынына сенімдіміз", – деді ол.

Бордолық шарап колумнисі Джейн Ансон өсіп кеткен қызу деңгейі сусынның қадірін түсіріп, сауда кезінде бәсекелестік артықшылықтан айыратынын ескертті.

"Қазіргі заман тұтынушылары керісінше, алкоголі төмен сусындарды жиі таңдайды: ешкім де маскүнемге айналып, ұзақ емделгісі келмейді. Олар шампанды қызуы төмен болған соң ішетін еді. Тұтынушылар ағзасына салмақ түсірмегені жөн. Нарық талаптары мен табиғат ұсынып отырған жағдай арасындағы бұл қайшылық өндірушілерде күйзеліс тудыруда", – деді ол.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz

Читайте также

Subscribe
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите