
фото: © Қарағанды облысының әкімдігі
Домбыра күні дүние есігін ашқан сәбилерге ұлттық аспап сыйға тартылды, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері перзентханаларда болып, аналар мен сәбилерді құттықтап, еліміздің жаңа азаматтарына домбыра сығай тартты.
"Домбыра – бұл жай ғана музыкалық аспап емес, ол қазақ мәдениетінің бір бөлігі, дәстүрлер мен ұлттық мақтаныштың символы. Ол ұрпақтардың байланысын, халықтың бай тарихи мұрасы мен рухани сабақтастығын білдіреді. Сондықтан да біз осындай сыйлық табыстадық", – деді Қарағанды облысы ҚХА аналар кеңесінің төрағасы Айжан Қиясова.
Қарағандыдағы №1 перинаталдық орталықта мереке күні бірінші болып қыз дүниеге келді, нәрестенің есімі - Амира.
Акция ұлтаралық келісімді нығайтуға және ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге қызмет етеді, деп сенеді бастамашылар.
Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні Қазақстанда 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді. ЮНЕСКО шешімі бойынша домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мұрасы тізіміне енгізілген.
ҚазАқпарат
Comments
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через