Непалда тағы 11 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Үндістанның Уттар-Прадеш штатында 25 қыркүйектен 27 қыркүйек таңына дейін 66,5 мм жауын-шашын түскен.
Осылайша, Үндістанда нөсер жаңбыр, су тасқыны және көшкін салдарынан 56 адам жан тапсырса, 46 адам зардап шеккен және мыңнан аса үй зақымданған. Ал Непалда 14 адам қайтыс болған. Непал билігі елдегі 77 округтің 49-ында кенеттен болатын су тасқыны қаупі бар екенін ескертті.
Елдің бірқатар ауданында электрмен қамту жүйесі толығымен бұзылды. Рахуганга өзеніндегі су тасқыны қуаты 40 МВт болатын гидроэлектр станциясының инфрақұрылымына және электр беру желілерінің тіректеріне де зақым келтірген.
Үндістанда Орталық су комиссиясы жеті штаттағы 30 гидрологиялық бекетте жағдай күрделі екенін хабарлады. Ганг, Гандак, Коси, Багмати және Нармада өзендерін қоса алғанда, бірнеше ірі өзендегі су деңгейі қауіпті межеден асып отыр.
Мұнан бөлек, Непалдың солтүстігіндегі Мананг округінде биіктігі 7126 метр Химлунг-Химал тауының маңындағы базалық лагерьді қар көшкіні басып қалғаннан кейін жергілікті он жұмысшы хабар-ошарсыз кетті.
Дерек көзі: https://inbusiness.kz