
фото: https://sputnik.kz
Ресейде ұшақ көп қабатты үйге құлады: 13 адам көз жұмды
Ресейде Краснодардағы Ейск қаласында тұрғын үйге әскери ұшақ құлауы салдарынан 13 адам мерт болып, 19 адам жарақат алды.
Жаңартылған деректерді Ресей денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов хабарлады, деп жазады РИА Новости.
Ресей қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу ұшуы кезінде Краснодар өлкесінің Ейск қаласында ресейлік Су-34 ұшағы құлағанын хабарлады. Ұшқыштар секіріп түскен. Тұрғын үй ауласында апат болған жерде ұшақ жанармайы тұтанған.
68 адам құтқарылды, 360-тан тұрғын эвакуацияланған.
sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через