
27 ақпанда Мексика метросының 576 медиафасадында Димаштың KIELI MEKEN әнінің бейнебаяны көрсетіле бастады.
Акцияны мексикалық жанкүйерлер Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырды.
Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі.
Жалпы «Dimash Qudaibergen Méxicoficial» фан-клубы Dears Мехикодағы медиафасадында Димаштың қойылымдарын екінші рет ұйымдастырып отыр.
Метро - қаланың негізгі көлік құралдарының бірі, сондықтан видеоны 3 миллионға жуық адам көреді.
Дереккөз ҚазАқпарат.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через