WhatsApp

Италияда енді ескерткіш бүлдіргендер 60 мың еуро айыппұл арқалайды

Италияда енді ескерткіш бүлдіргендер 60 мың еуро айыппұл арқалайды
фото: Фото: strisciarossa.it

"Қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі қазіргі заманның маңызды мәселелеріне жатады. Бірақ біз шешімдерді табу үшін орнықты жұмыс істеуіміз қажет. Ескерткішті қорлау БАҚ-та орынсыз хайптың туындауына әкеледі", – деді Италияның Мәдениет министрі Дженнаро Санжулиано.

Соңғы жылдары жергілікті Ultima Generazione ұйымы климаттың өзгеру мәселелеріне назар аударту үшін елдегі мәдениет пен өнер нысандарына зиян келтіруге тырысып, бірқатар танымал наразылық акциясын өткізген болатын.

ҚазАқпарат