
Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағынауданындағы «Жайсан» тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр.
Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 316-бабы 1-бөлігі, 321-бабы, 463-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады.
Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтіліп отыр.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через