фото: ERNUR.KZ.
Жамбыл ауданынан Алматыға беттеген белгісіз ақ көлікте қызын қалдырып кеткен ана кейін іздеу салған.
Алматы полиция департаменті Жамбыл ауданынан Алматыға бағыттаған таксиде анасы қалдырып кеткен 4 жастағы қыздың табылғанын мәлімдеді, деп жазады ERNUR.KZ. Бұған дейін Қалмақбай Мәрмәр есімді 4 жастағы қызға іздеу салынғаны хабарланған еді. Алматы қаласының полиция департаменті бүлдіршіннің табылғанын мәлімдеді. “Бала аман-есен табылды. Ата-анасына тапсырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – деді ведомство. Еске салсақ, Жамбыл ауданынан Алматыға беттеген белгісіз ақ көлікте қызын қалдырып кеткен ана кейін іздеу салғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через