Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты полиция қызметкерлерінің төл мерекесі аталып өтеді.
2007 жылы 5 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» ҚР Заңының қабылданғанына 15 жыл толуына орай, 23 маусым – Полиция күні болып бекітілді.
Қазақстан Полициясы күні – полиция қызметкерлері мен ардагерлерінің еңбегін ескеріп, оларға ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні.
Бұл күні қызмет барысында қаза тапқан полицейлер еске алынып, іс-шаралар ұйымдастырылады. Мәселен, кеше Ұлытау облысы Ұлытау аудандық Полция бөлімшесінде қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлеріне мемориалдық тақта тасы ашылды.
Полиция қызметіне келушілер қатары 4 есе артты. Бұл үшін қызметкерлердің алатын айлығын өсіру және басқа да көтермелеу шаралары қабылданған. ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото life09.kz