Стамбулда нөсер салдарынан мектептер жабылды

Стамбулда нөсер салдарынан мектептер жабылды

фото: pixabay.com

Нөсер жауын мен қолайсыз ауа райына байланысты Ыстанбұлда мектептер жабылып, мотоцикл қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Анкарадағы меншікті тілшісі.

Ыстанбұл билігі нөсерге байланысты бірқатар шара қабылдады. Қолайсыз ауа райын қаланың күнделікті өміріне әсер етіп, көлік қозғалысын қиындатты.

Стамбул ввел ряд ограничений из-за сильных дождей

Фото: ereglihaberleri.com

Қала билігінің шешіміне сәйкес, 15 қазанда барлық мемлекеттік және жекеменшік білім беру мекемелерінде күндізгі сабақтар бір күнге тоқтатылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сектор қызметкерлерінің кейбір санаттары әкімшілік демалыс мәртебесін сақтай отырып, жұмыстан босатылды. Атап айтқанда, бұл шара аясында мүгедектер, жүкті әйелдер, ардагерлер және сегіз жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер демалысқа жіберілді. Денсаулық сақтау, полиция және апаттардан кейінгі көмек қызметтерінде жұмыс істейтін, сегіз жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған әйелдер жұмысын жалғастырады. Ал сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған әйелдер, мамандығына қарамастан, демалысқа жіберіледі.

Сондай-ақ, 14 қазанда сағат 21:00-ден бастап келесі хабарламаға дейін мотоциклдер мен басқа да осыған ұқсас екі доңғалақты көліктерге тыйым салынған.

Губернатор бұл шаралар қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерін азайтуға және қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

Бұған дейін Ыстанбұлда қатты жаңбырдың салдарынан көшелер мен тұрғын үйлер су астында қалғаны туралы хабарланған болатын. Су тасқыны көліктерді шайып кетті, ал жолдың кейбір бөліктерінде көліктер кептеліп қалды.

Кеше Ыстанбұлда нөсер салдарынан мыңнан астам үйді су басып, 15 көшкін жүрген.

Подписывайтесь на наши соцсети и будьте в курсе всех событий!

Читайте также

Подписаться
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите