Жақында "ADAM: Нартәуекел" анимациясы Қытайдағы халықаралық фестивальден жеңіспен оралды
Қазақстандық "ADAM: Нәртәуекел" анимациялық фильмі Қытайдағы халықаралық кинофестивальдің үздік 15 фильмі қатарына енді.
Қытайдың Сиань қаласында өтетін XIII Халықаралық Жібек жолы кинофестивалі аясында биыл алғаш рет балалар киносына арналған арнайы бөлім — "Жібек жолы балаларының бірге сапары Балалар кино маусымы" ұйымдастырылды.
Жаңа бөлімнің басты мақсаты — Жібек жолы бойындағы елдер мен аймақтар балаларының кино және мәдениет саласындағы шығармашылық байланысын нығайтып, балалар киносының дамуына қолдау көрсету.
Биыл бұл байқауға Жібек жолы бойындағы мемлекеттер мен өңірлерден 61 балалар фильмі ұсынылған.
Қазақстандық режиссер Жәнібек Нұрбекұлының "ADAM: Нәртәуекел" атты толықметражлы 3D анимациялық фильмі әділқазылардың арнайы жүлдесін жеңіп алған.
Дерек көзі:https://sputnik.kz