Жапония өзін-өзі қорғау күштерінде жаңадан әскердің жетіспеушілігіне байланысты, ЖИ-мен жасақталған адам тәрізді роботтарды қорғаныс саласына пайдалануды зерттеп жатыр.
Үкімет пен билеуші партия өкілдерінің айтуынша, роботтар соғыс қимылдарына қатыспайды, базаларды күзетеді, материалдық-техникалық қамтуға қолданылады.
Болашақта барлау және құтқару операцияларына да роботтар жіберілуі мүмкін.
Жақын арада адам тәрізді роботтарды пайдалану бойынша зерттеулер басталады, байқау ұйымдастырылып, жеке компаниялар мен университеттер әзірлеген роботтар өз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Ел үкіметі жыл соңында қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы негізгі құжаттарды қайта қарамақ, бұл ретте ЖИ-ді кеңінен пайдалану елдің қорғаныс қабілетін нығайтудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.
2027 жылдың сәуірінде басталатын қаржы жылына арналған бюджеттік жобаға қарағанда, Жапония қорғаныс министрлігі жасанды интеллектті Өзін-өзі қорғау күштерінің басқару жүйесіне енгізуді, сондай-ақ көлемді ғарыш деректерін талдау және зымырандарды бағыттауға көмектесетін «ЖИ-мен жабдықталған тактикалық жерсерікті» сынақтан өткізуді жоспарлап отыр.
https://kaz.inform.kz/