Месси тағы бір тарихи рекордқа таяп қалды

Месси тағы бір тарихи рекордқа таяп қалды

фото: https://www.pinterest.com

       MLS тұрақты чемпионатының кезекті турында "Коламбус Крюға" қарсылас атанды.  

       Осы ойынның 33-минутында Лионель Месси айып добын тікелей орындап, допты қақпа торында тулатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

       Осыдан соң есеп 1:1 болды. Десе де, "Интер Майами" клубы матч соңында жеңіліс тапты. Өйткені, олар ойынның соңғы бөлігін кем құрамда өткізді. "Коламбус Крю" жеңіс голын негізгі уақытқа қосылған сегізінші минутта соғып кетті. 

       Месси үшін бұл голдың мәні ерекше деуге негіз бар. Аргентиналық шабуылшы айып добынан соққан голдарының санын 76-ға жеткізіп отыр. Бұл көрсеткіш бойынша рекорд бразилиялық Марселиньо Кариокаға (78 гол) тиесілі. Үздік үштікке 74 голы бар Жаир жайғасқан. 

       Осылайша, Мессиге әлемдік рекордты жаңарту үшін тағы 3, ал рекордты қайталау үшін 2 гол қажет. 39 жастағы футболшы биылғы MLS маусымында да сұрмергендер көшін ешкіммен бөлісер емес. Оның еншісінде 21 гол бар. 

       Месси кәсіби мансабында 1177 ресми матч өткізіп, 931 гол соққан және 424 нәтижелі пас берген. Ал "Интер Майами" сапында 2023 жылдан бері 102 гол соғып үлгерді. 

       https://inbusiness.kz/kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите