Қазақстандықтар ақша жинауда рекорд орнатты. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеке тұлғаларға тиесілі жинақтың жалпы көлемі 30 трлн теңгеден асты. Бұл – екінші тоқсандағы есептің нәтижесі. Яғни депозит бірінші тоқсанға қарағанда 2 трлн теңгеге тағы көбейген. Мұны біз емес, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры мәлімдеді.
Сөйтіп, бұл – сома салаға кепілдік жүйесі енгізілгелі бері ең жоғары көрсеткіш болып отыр. Есесіне жеке тұлғалар депозитінде доллар азайды. Тіпті кейінгі 20 жылды алғанда тарихи минимумге түскен.
Мамандардың айтуынша, мұндай нәтижеге инфляцияның бәсеңдеуі мен ұлттың валютаның нығаюы ықпал еткен.
Депозит – бұл банкке немесе қаржы мекемесіне белгілі бір соманы белгілі бір мерзімге және шарттарға сәйкес сақтауға беру.
Депозитке ақша салған адам банктің клиенті ретінде қаражатты пайдаланғаны үшін пайыздық сыйақы алады, деп жазды aqshamnews.kz.
Қай банкте депозит ашу тиімді екенін анықтау үшін бірнеше факторды ескеру қажет, себебі әр адамның қаржылық жағдайы, мақсаты және депозитті пайдалану мерзімі әр түрлі.
Сенімділік және қауіпсіздік
Банк сенімділігін бағалау маңызды, себебі депозиттер ұзақ мерзімді инвестиция.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (КДКБ): Бұл ұйым әрбір банктік депозитке кепілдік береді (ұлттық валютада 20 миллион теңгеге дейін). Тек осы қорға кіретін банктерді таңдаңыз.
Депозитке ақша салу:
Тиімді: Егер сіз қаржы қауіпсіздігі мен тұрақтылығын бірінші орынға қойсаңыз.
Тиімсіз: Егер инфляция деңгейі жоғары болса немесе жоғары табысқа ұмтылсаңыз.
Егер депозиттен басқа құралдарды пайдаланғыңыз келсе, қаржылық кеңесшімен кеңескен дұрыс. Әр адам үшін ең тиімді шешім қаржылық мақсаттарына байланысты.
Ақпараттар 24.kz, aqshamnews.kz сайттарынан алынды.