Қытайдың түрлі өңірлерінен 60-қа жуық турист келді

Қытайдың түрлі өңірлерінен 60-қа жуық турист келді

фото: https://pixabay.com

Қытайдың түрлі өңірлерінен 60-қа жуық турист келді

Қытайдың Сиань қаласынан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға Қытайдың түрлі өңірлерінен 60-қа жуық турист келді.

Пойыз Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік теміржол қатынасын дамыту мақсатында ұйымдастырылған.

"Пойыз Сиань қаласынан 29 маусымда жолға шығып, мемлекеттік шекараны Қорғас станциясы арқылы кесіп өтті. Ал Қазақстан аумағында "Жолаушылар тасымалы" жасақтаған пойыз құрамында жалғастырды. Туристер Алматыда бірнеше күн болып, қаланың негізгі көрікті жерлерін аралайды, экскурсиялық бағдарламаға қатысады",-дейді компания мамандары.

Ал 6 шілдеде туристік пойыз Қорғас станциясы арқылы Қытайға қайтады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите