Астана әкімдігі 300-ден астам грант бөлді

Астана әкімдігі 300-ден астам грант бөлді

фото: https://pixabay.com/

Астана әкімдігінің білім гранты конкурсына қатысу үшін талапкерлер тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет

Астана әкімдігі 300-ден астам грант алған университеттердің тізімін жариялады.

303 грант қалаға қажетті мамандықтарға бөлініп отыр. Соның барлығы бес университеттің білім беру бағдарламаларына берілді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

Көлік қызметтері.

А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.

Astana International University:

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

Физика пәні мұғалімдерін даярлау;

Математика пәні мұғалімдерін даярлау;

Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау;

Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімдерін даярлау;

Ақпараттық технологиялар.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті:

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;

Математика пәні мұғалімдерін даярлау;

Физика пәні мұғалімдерін даярлау;

Ақпараттық технологиялар;

Арнайы педагогтерді даярлау (дефектолог, логопед, тифлопедагог пен сурдопедагог).

Esil University:

Информатика пәні мұғалімдерін даярлау;

Математика пәні мұғалімдерін даярлау;

Ақпараттық технологиялар.

Айта кетері, грант конкурсына құжат қабылдау 5-10 тамыз аралығында өтеді. Ал Астана әкімдігінің білім гранты конкурсына қатысу үшін талапкерлер тиісті жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Читайте также

Подписаться
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите