Түркістанда 200-ге жуық жүргізуші көлігін қараңғылаған

Түркістанда 200-ге жуық жүргізуші көлігін қараңғылаған

фото: https://pixabay.com/

Оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды

Түркістанда күңгірттелген әйнегі бар 200-ге жуық көлік анықталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

Құқық бұзушылық бір айға созылған "Күңгірттеу" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тіркелген.

Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеріп, алдыңғы және алдыңғы бүйірлік әйнектері заңсыз күңгірттелген автокөліктерді анықтау жұмыстарын жүргізді.

"Нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған 200-ге жуық жүргізуші анықталып, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерге көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіріп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық талаптардың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Подписаться