Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұхтар Шаханов дүние салды

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұхтар Шаханов дүние салды

фото: https://m.ok.ru

       Ол 85 жасқа таяған шағында бақилық болды.

       Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, драматург әрі қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті. Бұл қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

       Ресми хабарламада оның қазақ поэзиясына айрықша өрнек әкеліп, азаматтық үн мен көркемдік тереңдікті ұштастыра білген сирек тұлға болғаны атап өтілген. Ақын шығармалары руханиятымызды байытып, ұлттық әдебиетті жаңа деңгейге көтерді. Ол қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамай, ел тағдырына қатысты батыл ой айтып, биік ұстанымымен ерекшеленді. Қайсар мінезі мен әділет жолындағы табандылығы халық жадында сақталатыны айтылды. Марқұмға Алланың рақымы жаусын деген тілектер де білдірілді.

       Ақынның «Өркениеттің адасуы» және «Жазагер жады космоформуласы» («Шыңғыс ханның пенделік құпиясы») атты еңбектері ЮНЕСКО аясында қаралып, халықаралық деңгейде кең талқылауға түскен. Оның туындылары әлемнің 50-ден астам тіліне аударылып, жаһан оқырмандарына жол тартты.

      https://informburo.kz/kaz

Подписаться