Иран Араб елдерінен АҚШ - Израиль шабуылы кезіндегі залал үшін өтемақы талап етті. Бұл туралы IRNA агенттігі хабарлады, деп жазды 24.kz.
Басылым мәліметтеріне сүйенсек, Бахрейн, Сауд Арабиясы, Қатар, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иордания материалдық және моральдық зиянды толығымен өтеуге тиіс. Өйткені бұл мемлекеттердің аумағы Ислам мемлекетіне соққы беру үшін пайдаланылған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолдаған хатта Иран бұл елдердің әрекеттері халықаралық міндеттемелерді бұзатынын мәлімдеді.
Израиль мен АҚШ-тың Иранға қарсы соғысы барысында тек әскери нысандар ғана емес, азаматтық инфрақұрылым да айтарлықтай зардап шекті. Олардың ішінде тарихи және мәдени маңызы бар объектілер де бар, деп жазды zhasalash.kz.
Иран Қызыл Жарты ай қоғамының мәліметінше, 100 мыңнан астам азаматтық нысан бүлінген немесе жойылған. Тек Тегеранның өзінде 40 мыңға жуық тұрғын үй мен коммерциялық ғимарат зақымданған. Сонымен қатар 600-ге жуық мектеп пен 300-ге жуық медициналық мекеме соққыға ұшыраған.
Иран Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соғыс басталғалы бері 1900-ден астам адам қаза тапқан, олардың ішінде 240 әйел мен 200-ден астам бала бар. 24 800-ден астам адам жараланған, деп жазды zhasalash.kz.
Тарихи нысандар да зардап шекті
Ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, Ирандағы бомбалаулар салдарынан ондаған тарихи және мәдени ескерткіштер зақымданған. Олардың қатарында сарайлар, мешіттер мен көне мұралар бар.
Соның ішінде ЮНЕСКО тізіміне енген Голестан сарайы да бар. Жалпы ел бойынша 131 тарихи нысан бүлінген. Ең көп зардап шеккен өңір – Тегеран провинциясы (61 нысан), одан кейін Исфахан (23 нысан).
Соғыс басталғаннан кейін Иран билігі халықаралық қауымдастықты мәдени мұраларды қорғауға шақырды. ЮНЕСКО қақтығыс тараптарына тарихи нысандардың координаттарын беріп, оларды сақтауға үндеген.
Ақпарат 24.kz, zhasalash.kz сайттарынан алынды.