WhatsApp

Ұлытау облысында 40-қа жуық мемлекеттік қызметші құмар ойын ойнаған

Ұлытау облысында 40-қа жуық мемлекеттік қызметші құмар ойын ойнаған
фото: https://pixabay.com/

Олардың "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды

Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады.

Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, "Olimpbet" және "1XBET" букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.

"Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды", - дейді Бас прокуратура.

Айта кетері, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz