фото: https://pixabay.com/
Жалпы өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілді
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанға гүл қай елдерден жеткізілетіні жөнінде дерекпен бөлісті.
2025 жылы Қазақстан 77,6 млн АҚШ доллары сомасына 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған. 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған.
"Гүлдердің негізгі жеткізушісі – Эквадор. Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9% немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілген", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер келесі елдерден әкелінеді:
Қытай – 2 678 тонна
Нидерланд – 1 702 тонна
Колумбия – 778 тонна
Кения – 739 тонна
Жалпы өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілді. Қазақстанға негізінен раушан гүлдері импортталған – 6 219 тонна.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через