фото: kaz.inform.kz
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік фольклорлық «Astana sazy» ансамблінің «Аспаптар шеруі» атты жеке концерті өтті.
Концерт барысында ұжым көрерменге қазақ музыкасының бай мұрасын паш етті. Байырғы дәстүрлі әуендер заманауи музыкамен үндесіп, фольк, этно-джаз, этно-панк және өзге де қазіргі заманға сай бағыттарда орындалды. Кеште күйлер шертіліп, халық әндері шырқалды, мың бұралған бишілер мазмұнды заманауи қойылымдар көрсетті.
«Astana sazy» ансамблі тыңдарманды домбыра, қобыз, шертер, шаңқобыз, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау және өзге де дәстүрлі аспаптардың ерекше үнімен таныстырып, қазақ өнерін насихаттауда. Ұжымның әрбір композициясы ұлттық музыканың әртүрлі қырларын паш етіп, тыңдарманды ұлттық рух пен заманауи шабытқа бөлейді.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через