фото: https://pixabay.com/
Ол мұны ғарышты игеру үшін пайдаланбақ.
Бұл туралы Tesla компаниясының Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Илон Маск Terafab жобасын іске қосатынын мәлімдеген. Бұл жоба "галактикалық өркениет" құру жолындағы маңызды қадам ретінде қарастырылады.
Жоба SpaceX және xAI компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылмақ. Жоспар бойынша, жылдық қуаты 1 тераваттқа дейін жететін әлемдегі ең ірі микрочип өндіру зауытының құрылысы басталады. Бір алаңда логикалық және жад микросхемаларын өндіру, сонымен қатар оларды озық деңгейде жинақтау процестері біріктіріледі.
Масктің сөзінше, күн энергиясын ауқымды түрде пайдалану үшін жыл сайын орбитаға 100 миллион тоннаға дейін жабдық шығару қажет. Бұл тұрақты түрде ғарышқа жүк ұшыруға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құруды, күн энергиясымен жұмыс істейтін жасанды интеллектісі бар спутниктерді орналастыруды және Tesla Optimus секілді миллиондаған гуманоид роботтарды тартуды талап етеді.
Аталған бағыттар үлкен көлемде микрочиптерге тәуелді. Масктің айтуынша, тек Optimus роботтарының өзі үшін 100-200 гигаватт есептеу қуаты қажет болса, спутниктер үшін бұл көрсеткіш тераватт деңгейіне жетпек.
Ол қазіргі өсім қарқынын ескергеннің өзінде, әлемдік жартылай өткізгіш өндірісі мұндай сұранысты қазір де, 2030 жылға қарай да қамтамасыз ете алмайтынын ескертті.
Terafab жобасы қолданыстағы өндірістік мүмкіндіктер мен болашақтағы есептеу қуатына деген сұраныс арасындағы алшақтықты қысқартуға арналған.
Дерек көзі: https://inbusiness.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через