WhatsApp

Дүрбелең шабуылдары және мазасыздық

Дүрбелең шабуылдары және мазасыздық
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/PeopleImages

       Бұл – соңғы кезде жиі кездесетін ауру түрлерінің бірі. Кейбір ресми зерттеулерге сәйкес халықтың 0,5 тен  1  пайызына дейін осындай жағдайларды сезінеді екен. Мазасыздықтың пайда болуын үш топқа бөлуге болады:

1.     Дүрбелең алдымен адамдарда ауруын  уаймдаудан басталады.

2.     Екінші топ: фобия, депрессия, жарақаттан кейінгі күйзеліс  және шизофрения диагнозы қойылған адамдар

3.     Қала тұрғындары және балалар мен жасөспірімдер. Шешілімеген күрделі мәселелер,тұрмыс тауқыметі, физикалық белсенділіктің болмауы ересектерді осы жағдайға әкеледі. Ал балалар мен жасөспірімдер дүрбелеңі емтихан алдандағы мазасыздық пен  өзара тіл табыса алмау т.б туындайды.

Ұлттық госпитальдің психотерапевт дәрігері Ания Ерасылова өзіне келетін  келетін науқастардың  40% жуығы осындай жағдайда болатынын және  көпшілігі зорлық-зомбылықты бастан кешкен әйелдер екенін айтады

 - Іштегі мазасыздық,  қорқыныш сезімдері дүрбелең шабуылдарына  әкеледі. Бұл  өліп қаламын деген қорқыныштан болатын өте жағымсыз психикалық ауытқу.Ұзақ уақыт күйзелісте, үреймен өмір сүріп жатқан адамдарда кездеседі.Физикалық тұрғыда қан қысымының көтерілуі,ауаның жетпеуі, жүрек қағуы , бас айналуы, жанын қоярға жер таппай ,ауаны көбірек жұтуға тырысу сияқты үлкен дүрбелеңге әкеледі-дейді психотерапевт.

 

       Басты себебі –  адамның өмір сүру салтына байланысты. Бірақ көбінесе гармональді өзгерістер кезінде туындайды.  Мысалы,  адам мүшел жасқа кіргенде  пайда болады. Сондай-ақ  адамның психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.  Аса талапшыл,  жауапкершілігі зор, қоршаған ортаға да талабы өте жоғары адамдар күйзелісте жүреді. Созылмалы  күйзелістегі жағдай, бала кезінде алған жан жарақаты, ұйқының бұзылуы және әр түрлі миды қоздыратын сусындарды қабылдау да негізгі себептердің бірі.

       - Қазіргі уақытта  жастар арасында жиі кездеседі. Себебі, дерт бала кезден басталып, жоғарыда атап өткендей гормондық өзгерістерге ұласады. Өмірді енді бастап  жатқан адамға  ауыртпашылық пен күресу қиындау. Сондай-ақ, ата-анасынан алшақ жүруі сияқты психологиялық және әлеуметтік мәселелердің де  әсері болады.  Зиянды әдеттердің қалыптасуы, түнімен  әлеуметтік желіде отыру  физиологияның бұзылуына әкеледі.

Дүрбелең шабуылдарын, мазасыздықты өз бетімен жеңу қиындау. Міндетті түрде мамандарға жүгіну керек. Психологиялық ауытқу болған жағдайда психотерапевт маманының кеңесі қажет. Кейде мазасыздықты басатын дәрілер ( анксолитик) жақсы көмектесесе, кей жағдайларда  күйзеліске қарсы дәрілердің  көмегі зор. Психотерапиялық тәсілдердің ішінде жиі қолданылатыны - когнитивті терапия.  Бұл–  өзін қалай ұстау керектігін, өзіне жедел көмек көрсету, мазасыздық туғызатын сыртқы факторлар және жан дүниесінде болып жатқан өзгерістерді қарастыру тәсілі. Негізгі ем– өмір сүру салтын өзгерту, дене шынықтыру , жағымсыз әдеттерден бас тарту -дейді Ания Серікқазықызы.

 

Ұлттық госпитальдің журналисі

Жазира Зәкірқызы