фото: Ұлттық госпиталь
-Дефектология саласы бойынша логопед мамандығын 4 жыл оқыдым. Біздің мамандық негізгі біліммен қоса өмір бойы оқу мен ізденуді талап етеді. Мен үнемі үздіксіз білім беру курстарынан өтіп, заманауи нейрореабилитация әдістерін зерттеп, кәсіби семинарлар мен оқу бағдарламаларына қатысып жүремін-дейді Ұлттық госпитальдің клиникалық логопед дәргері Фатима Самаратбекова
Кейбір ресми деректерге жүгінсек, елімізде жыл сайын 40мыңнан аса адам инсульт алады екен. Көбнесе науқастардың бұл сырқаттан кейін толыққанды қалпына келуі қиындау. Инсульттан зардап шеккендердің тек 7 пайызы ғана өзінің бұрынғы өміріне оралатын көрінеді. Фатима Серікқызы осындай жандардың сөйлеу қабілетін қалпына келтіруге көмектесіп жүрген дәрігер. Мамандардың айтуынша, инсульттан кейінгі науқастардың көпшілігі афазияның әртүрлі формаларын және басқа сөйлеу бұзылыстарын бастан кешіреді. Сондықтан логопедиялық көмек қажет және сұраныс артып жатыр .
- Мен инсультпен ауыратындармен және сөйлеу қабілеті бұзылған басқа ересек адамдармен де жұмыс істеймін. Мұндайда оңалтуды ерте бастаса сөйлеу қабілетін қалпына келтіруге болады. Ол мидың зақымдану деңгейіне, науқастың жасына және өзінің ынтасына байланысты. Осындай жағдайларда сөйлеуді толық дерлік қалпына келтіруге болады. Ал басқа уақытта біз адамның күнделікті өмірдегі сенімін қалпына келтіре отырып, оның коммуникативті дағдыларын айтарлықтай жақсартамыз. Тіпті ішінара қалпына келтірудің өзі науқастың өмір сүру сапасын кәдімгідей жақсартады-дейді Фатима Серікқызы
Ересектерде эмоционалдық жағдай инсульттан кейін қалпына келтіру процесін жиі баяулатады. Адам мазасызданса, күйзеліске ұшыраса немесе сенімсіз болса, белсенді түрде сөйлеуі қиындау. Кейде қатты күйзеліске ұшырау тартынуды күшейтіп, сөздерді табуды қиындатады және сөйлеу жылдамдығын бәсеңдетуі мүмкін.
Маман сондай-ақ балалармен де жұмыс істеді. Сөйлеудің кешігуі, кекештену, әріптер мен сөздердің дұрыс айтылмауы секілді мәселелер барысында да диагностика мен емді ерте бастау маңызды.
-Мұндай күрделі мәселелердің себептер әртүрлі болуы мүмкін. Құрсақішілік дамудың ерекшеліктері, туылу барысындағы жарақаттар, неврологиялық ақаулар сияқты факторлар бар. Дегенмен, қоршаған орта да маңызды рөл атқарады. Балаға көңіл бөлмеу, сөйлеспеу, гаджеттерді шамадан тыс қолдану, отбасындағы әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Сөйлеудің бұзылуы көбінесе күрделі сипатта болады. Сондықтан әр балаға жеке көңіл бөліп, оның ата-анасымен де жұмыс істеу керек-дейді Ф.Серікқызы.Күйзелістің сөйлеуге айтарлықтай әсер ететіні белгілі. Сөйлеу – орталық жүйке жүйесінің жұмысына тікелей байланысты күрделі психоневрологиялық процесс. Созылмалы күйзеліс мазасыздық деңгейін арттырады, ұйқыны бұзады және зейіннің шоғырлануын нашарлатады. Мұның бәрі сөйлеу қиындықтарын күшейтеді.
-Балалардағы күйзеліс сөйлеудің бұзылуына, әсіресе кекештенуге себеп болуы мүмкін. Өмірдегі күрт өзгерістер – өзге жаққа көшу, мектепке бару немесе отбасындағы жанжал сөйлеудің дамуына әсер етеді.Сондықтан логопедияда біз әрқашан науқастың эмоционалдық жағдайын қарастырамыз. Отбасының қолдауы, жайлы атмосфера және психологиялық тұрақтылық емнің тиімділігін айтарлықтай арттырады және оң нәтижелерді жылдамдатады-дейді Ф.Серікқызы
Ұлттық госпитальдің журналисі Жазира Зәкірқызы
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через