Бүгін доллар бағамы күрт төмендеді

Бүгін доллар бағамы күрт төмендеді
фото: pexels.com

Доллардың 5 наурыздағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz. 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар 6,13 теңгеге төмендеп, орташа бағамы 493,36 теңге болды.

Ұлттық банктің 5 наурызға арналған ресми бағамы – бір долларға 499,83 теңге.

kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта:

Алматыдағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы:

  • сатып алу – 491,75 теңге;
  • сату – 494,66 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы:

  • сатып алу – орта есеппен 491,01 теңге;
  • сату – 498,01 теңге.