фото: https://pixabay.com/ru/
1 наурыздан бастап Алмалы ауданындағы А. П. Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана (Гоголь көшесі, 109) мен Наурызбай ауданындағы Алматы кітапханалары филиалы (Бельгер көшесі, 1Б) тәулік бойы оқырмандарға қызмет көрсетеді.
Бұған дейін 24/7 форматында Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Alatau Creative Hub, Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана, сондай-ақ Қазақстан жазушылары кітапханасы мен Розыбакиев көшесіндегі қалалық филиал жұмыс істеп келген. Енді қалада тәулік бойы ашық кітапханалар саны жетіге жетеді.
Кітапханалар заманауи жабдықталған: жоғары жылдамдықты интернет, Wi-Fi, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған арнайы орындар қарастырылған.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через